"Уральские авиалинии" Қазақстанға рейстерді тоқтатты

"Уральские авиалинии" әуекомпаниясы Қазақстанға барлық рейсті уақытша тоқтатты, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі тасымалдаушының ресми сайтына сілтеме жасап.

Тасымалдаушының мәліметінше, ұшу бағдарламасы сәуірдің соңына дейін тоқтатылды.

"Қазіргі геосаяси жағдайға байланысты әуекомпания Қазақстанға ұшу бағдарламасын 2022 жылдың 30 сәуіріне дейін тоқтата тұруға мәжбүр. Егер сіздің рейсіңіз тоқтатылса, сатып алған жеріңіз бойынша 30.05.2022 дейін ұшып шығу билетін қайта ресімдей аласыз. Жолаушыларды қолдау қызметіне жүгіне аласыз (өтініштердің көп болуына байланысты, егер сіздің ұшуыңыз таяудағы 48 сағатта болмаса, қоңырауды кейінге қалдыруды сұраймыз) немесе қаражатты қайтаруды ресімдей аласыз", - делінген әуекомпанияның хабарламасында.

Айта кетейік, бұған дейін "Уральские авиалинии" компаниясы, керісінше, Қазақстанға рейстер жиілігінің артқаны туралы хабарлаған болатын.

Ол Қазақстанға ұшуды жүзеге асыратын жалғыз ресейлік тасымалдаушы болып тұрған.

Қазақстанға бірінші болып S7 Airlines рейстері тоқтатылды. Содан кейін 8 наурыздан бастап Ресейден Қазақстанға әуе рейстерін "Аэрофлот" тоқтатты. Содан кейін "Северный ветер" 7 наурыздан бастап халықаралық рейстерді уақытша тоқтататынын хабарлады.

"Эйр Астана" компаниялар тобы Ресейге ұшатын барлық рейсті тоқтатты. SCAT және Qazaq Air Ресейден Қазақстанға әуе рейстерін жалғастыруға ниетті.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!