1 наурыздан бастап шенген визасын алу үшін қазақстандықтарға қосымша кеңестер алу керек болады. Tengritravel.kz тілшісіне туроператорлар жаңашылдықтар құжатты алуға қалай әсер ететінін айтып берді.
"Шенген визасын алу қиындай түсті"
KOMPAS туроператорының визалық бөлімінде өтінішті қарастыру уақыты 15 күннен асатынын атап өтті.
"Шенген келісіміндегі әр ел шетелдік азаматқа виза беру мәселесін дербес шешеді. Өтінішті қарастыру уақыты 15-тен 45 күн аралығы. Қосымша құжаттар талап етуі де мүмкін, зейнетақы есебіңіздің көшірмесі және тағы басқа", - дейді туроператор өкілі.
"Уаймдаудың қажеті жоқ"
ANEX Tour Kazakhstan компаниясының PR бөлімінің жетекшісі Елена Исакова туристерге уайымдаудың қажет жоқ екенін айтады.
"Бұл қалыпты жұмыс үрдісі. Егер бұрын ЕО аумағында заң бұзбасаңыз қам жемеңіз. Біздің ел қара тізімде емес", - дейді ол.
Қазақстан "қара тізімге" енген жоқ - Еуроодақ өкілдігі
"2 ай бұрын қамданыңыз"
VIATOR визалық орталығының директоры Наталья Ткаченко көктемде Еуропаға туристер ағыны көп болатындықтан ертерек қамдануға кеңес береді.
"Мәселен Италияда визаға өтінішті 90 күн қарастыру құқы бар екен. Жағдай күрт өзгерген жоқ, тек қосымша құжаттар ғана. Әлбетте есепшотыңызда ақша барына әрдайым қарайды", - дейді ол.