Туристер Астанада болғаны үшін күн сайын 1725 теңге төлеуі керек болады

Шетелдік туристер елорда қонақүйлерінде болған әр күн үшін 1725 теңге төлеуге міндеттеледі, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі "Атамекен" ҰКП баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сөз туристерге салынатын жарна, яғни bed tаx туралы болмақ. Жалпы бұл әлемде бар тәжірибе. Басты мақсат - саяхатшылардан алынған салық елдегі туризм инфрақұрылымын дамытуға жұмсалады.

Алайда туристік жарна жинаудың нақты механизмі болмағандықтан Астанада туристік сала жұмысын қиындатып отыр.

"Астана қаласында шетелдіктер үшін туристік жарна 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізілген. Алайда кәсіпкерлер бірқатар мәселеге тап болды. Мәдениет және спорт министрлігі мұны мойындайды. Қазір бұл кемшіліктер елорданың қонақүй бизнесінің жұмысына кері әсерін тигізіп жатыр. Іс жүзінде bed tax төлеу алгоритмі жоқ", - деді кездесуді ашқан Астана қаласы кәсіпкерлер палатасының директоры Бейсен Жолболдиев.

Қазақстанда "туристерге салынатын салық" кәсіпкерлердің наразылығынан кейін өзгереді

2023 жылы 15 шілдеде туристік жарна бойынша қағидалар қайта бекітілді. Мәдениет және спорт министрінің бұйрығына сәйкес, ең төменгі bedtax мөлшерлемесі - 0,3 АЕК және ең жоғары - 0,5 АЕК, статикалық мәліметтерге сәйкес туристердің өсуіне байланысты.

"Ресми статистикаға сәйкес, осы жылдың бірінші тоқсанында өткен жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда шетелдік туристердің өсімі 300 пайыз болды. Астанаға 56 мың шетелдік турист келді. Өсімге сәйкес, біз туристік жарнаны 0,5 АЕК немесе 1725 теңге мөлшерінде бекітуіміз керек. Бұл туристің қонақүйде тұру құнына қарамастан белгіленген мөлшерлеме", - деді Астана қаласы әкімдігінің Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы басшысының орынбасары Қуаныш Сапаров.

Бизнес шетелдік туриске салынатын жарнамен келіспейді

Оның айтуынша, жиналған қаражат Астанада туризмді дамытуға бағытталады.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!