Алматы тауларында іздестірілген ресейлік турист өлі табылды

Бүгін Алматы тауларында іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде ер адамның денесі табылды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Айта кетейік, осыған дейін ведомство өкілдері Алматы тауларында ресейлік туристің жоғалып кеткені туралы хабарлаған болатын.

"Алдын ала дерек бойынша ол төрт күн бойы іздестіріліп жатқан турист. Ресей Федерациясының 1984 жылы туған азаматы 5 тамызда таңертең тауға кетіп, жоғалып кеткен болатын. Таудағы климаттың күрделілігіне, тау маршрутының ерекшеліктеріне, тастың құлауына және жартасты рельефке қарамастан іздеу-құтқару жұмыстары тәулік бойы жүргізілді", - делінген хабарламада.

Табылған ер адамның жеке бас деректері анықталып жатыр.

Қазақстандық құтқарушылар жыл сайын тауда 160-қа жуық туристті құтқарады. Биылғы жылдың басынан бері таулы жерлерде 152 адам құтқарылды.

  • ТЖМ тауға жалғыз шықпауды ұсынады.
  • Туыстарыңызға баратын бағытыңыз бен шамамен қайтып оралатын уақытыңыз туралы ескертіңіздер.
  • Ашық түсті киім киіңіздер.
  • Өзіңізбен бірге өңірдің картасын, компасты, GPS навигаторын, байланыс құралдарын, алғашқы көмек жинағын алыңыздар.
  • Егер сіз адасып қалсаңыз, құтқарушыларға бұл туралы хабарлап, оларға тұрған жеріңіз бойынша ақпаратты беру қажет. Егер байланыс болмаса, сізге ашық жерге тұрып, құтқарушыларға сигнал беру керек: қараңғы уақытта от жағып, күндізгі уақытта ашық түсті киімдерді мүмкіндігінше жоғары іліп қойыңыздар.
  • Түнде, әсіресе қыс мезгілінде ұйықтамаған жөн, өйткені гипотермия алу ықтималдығы жоғары.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!