Менің елім 26 маусым 2024 11:33

Түлкібас - Арыс учаскесінде вагондар рельстен шығып кетті: қазіргі жағдай қандай?

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

Түлкібас-Арыс учаскесінде бірнеше вагон рельстен шығып кеткені белгілі болды. "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметі аталған учаскедегі жағдай туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.


Түлкібас-Арыс учаскесінде бірнеше вагон рельстен шығып кеткені белгілі болды. "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметі аталған учаскедегі жағдай туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

25 маусымда сағат 19:20-да Түлкібас-Арыс учаскесінде Меңлібай-Көктерек учаскесінде жүк пойызы вагондары рельстен шығып кетті. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады.

"Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметі Түлкібас-Арыс учаскесінде пойыз қозғалысы қалпына келгенін хабарлады.

"Жүк вагондары рельстен шығып кеткен Түлкібас – Арыс учаскесінде пойыздардың қозғалысы ашық. Кешіккен пойыздардың жолаушылары тамақ және ауыз сумен қамтамасыз етілді. 5 автобус ұйымдастырылып, 492 жолаушы шығарылды. Салдарды жоюға үш қалпына келтіру пойызы мен 100-ден астам теміржолшы жұмылдырылды. Компания жолаушылардан қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды және пойыздардың кешігу уақытын қысқарту үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды", – деді баспасөз қызметі.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!