Астанаға шыққан пойызда сәби дүниеге келді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Гүлшат Қарақұлова. Компанияның баспасөз қызметі Фото: Гүлшат Қарақұлова. Компанияның баспасөз қызметі

№86 Шымкент – Астана пойызында жолаушы әйел қыз босанды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.


№86 Шымкент – Астана пойызында жолаушы әйел қыз босанды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Әйел күйеуімен оңтүстік мегаполистен астанаға бара жатқан, ол жүктіліктің соңғы айында болған.

Жолаушылар тасымалы кәсіпорны баспасөз қызметі мәліметінше, 21 қазаннан 22 қазанға қараған түні сапар кезінде әйелдің толғағы қысқан.

"Сағат 23:30-да күйеуі көмек сұрап жолсеріктерге жүгінді. Пойыз бастығы Гүлшат Қаракұлова мен жолсерік Анара Адамбаева қажетті көмек көрсетіп, аман-есен босандырып алды. 21 қазанда сағат 23:55-те дені сау қыз дүниеге келді", - деп хабарлады компания.

Нұсқау бойынша жақын маңдағы Сары-Шаған станциясына жедел жәрдем шақырылған, ол жолаушы Кенжееваны күйеуі және жаңа туған нәрестемен пойыз келген кезде күтіп алған.

"Пойыз жұмысшылары әдеттен тыс жағдайларда алғашқы медициналық көмек көрсетуге үйренеді", - деп еске алды компанияның баспасөз қызметі.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel