Тоқаев туризм үшін үлкен мүмкіндіктері бар аймақты атады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Абай облысын туризм үшін үлкен мүмкіндіктері бар өңір деп атады, деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

"Өңірде мәдени-танымдық туризмді дамыту үшін үлкен мүмкіндіктер бар. Мысалы, теңізге шыға алмайтын ірі ел ретінде Қазақстан үшін біздің территориямызда жердің континенталдылық полюсі орналасқан.

Абай облысында, Жидебай шатқалында, ұлы Абай үй-мұражайының жанында "Еуразия құрлығының орталығы" ескерткіш белгісі орналасқан. Біздің халқымыз үшін бұл қасиетті орын және осыған ұқсас географиялық құбылыс тек ішкі ғана емес, сонымен қатар шетелдік туристер үшін де тартымды болатынына сенімдімін.

Еліміздің тарихи орталықтарының бірі ретінде Семей біздің бай мәдени байлығымызға ұқыпты қараудың үлгісі болуы тиіс. Облыс құрылғаннан кейін қала белсенді дамитын болады", - деді Президент.

Абай облысының жұртшылығымен кездесуде Мемлекет басшысы өңірдің туристік әлеуетін күшейтудің негізгі шарттарының бірі инфрақұрылымды дамыту екенін атап өтті.

"Бірінші кезекте жолдың мәселесін шешу қажет. Туристерді тарту нүктелеріне кедергісіз және ыңғайлы қолжетімділікті қамтамасыз ету керек.

Сондай-ақ, коммуналдық желілермен байланысты мәдени нысандардың мәселелерін шешу керек. Ертіс өзенінің жағалауын абаттандыруға ерекше назар аудару керек. Жаңа мәртебесін ескере отырып, Семей қаласын дамытудың бас жоспарын жаңарту қажет", - деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!