Тоқаев Атырау облысында туризмді дамыту жөнінде тапсырма берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау облысының жұртшылығымен кездесу барысында өңірде туризм саласын дамытуды тапсырды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz.


Иконка комментария блок соц сети

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау облысының жұртшылығымен кездесу барысында өңірде туризм саласын дамытуды тапсырды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz.

Мемлекет басшысы Атырау мұнай мен газға ғана үміт артпай, туризм секілді болашағы зор салаларды дамытуы қажет екенін айтты.

"Ең бастысы, бастамаларды батыл қолға алу керек. Өңірдің туристік әлеуетін арттыру үшін Үкімет пен әкімдік жолдарды жөндеп, туристік нысандардың инженерлік коммуникациясын ретке келтіруге тиіс", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Ол сондай-ақ, мәдени туризм саласын цифрландыруға баса мән беру керектігі туралы және туристік нысандарымызды әлемдік стандартқа жақындату жөнінде айтты.

"Қиғаш өзенінің бойында лотос гүлдері өсетінін,өкінішке қарай, көбі біле бермейді. Бұл жер – лотостың ең қиыр солтүстіктегі мекені. Өзіміздің қызғалдақ сияқты лотос алқабын да танымал ету үшін нақты шаралар қабылдаған жөн. Осындай таңғажайып дүниелер туралы фильмдер түсіру қажет, оларды шетелде белсенді түрде дәріптеуіміз керек.

Индердегі тұзды көлде емдеу-сауықтыру туризмін дамытуға мүмкіндік мол. Ол үшін тиісті мемлекеттік органдар көлдің мәртебесін айқындауға тиіс.

Атырау облысын дамыту туралы менің пайымдарым – осындай. Бірқатар нақты тапсырма берілді. Оның бәрін мұқият ойластырып, уақытылы және сапалы орындау қажет. Жұмыс барысы менің тікелей бақылауымда болады, себебі бұл - облыс халқына өте қажет жұмыс. Оны соңына дейін атқарып шығуымыз керек", - деді Президент.

Осыған дейін, Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысында туризмді дамыту жөнінде тапсырма берген еді.

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная