Тоқаев Маңғыстау облысын дамытудың жеті негізгі басымдығын атады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұртшылықпен кездесуінде Маңғыстау облысын дамытудың басым бағыттарын атап өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бірінші. Маңғыстаудың өңдеу өнеркәсібін және бизнес саласын дамыту қажет.

Екінші. Облыстың көлік-логистикалық және инвестициялық әлеуетін арттыру керек.

Үшінші. Маңғыстаудың сумен қамтамасыз ету жүйесін және инженерлік инфрақұрылымын жаңғыртып, Ақтау және Жаңаөзен қалаларын дамыту керек.

Төртінші. Облыстық білім беру, денсаулық сақтау саласын дамытып, жастарға қолдау көрсету керек.

Бесінші Маңғыстаудың ауыл шаруашылығы саласындағы әлеуетін арттырып, азық-түлік нарығын дамыту аса маңызды.

Алтыншы. Аймақтағы туризмді дамыту қажет.

Жетінші. Экология мәселелерін шешу қажет", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!