"Тәртіп үшін". Үлкен Алматы көліне апаратын жол жабылды

Туристерге қайтадан Үлкен Алматы көліне көлікпен баруға тыйым салынды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі "ҚазАвтоЖол"баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Міне осымен бір айдан аса уақыт бойы қазақстандықтар ҮАК-қа автокөлік жолы ашылғалы талқылаумен келеді. Көрнекі орынға көлікпен барамыз деп жұртшылық қуанған еді, алайда туристерден кейін қалатын қоқыстың көбеюін де жазғандар болды. Дау бітер емес, бұл мәселе БАҚ-та да сан-мәрте жазылды. Нәтижесінде көлге баратын жол жабылды. Ендігіде тек жаяу немесе велосипедпен баруға болады.

"Жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, тәртіп пен тазалықты сақтау мақсатымен Р-22 "Алматы-Космостанция" күре жолында (15-34 шақырымдары аралығы) көлік қозғалысына шектеу енгізілді", - делінген "ҚазАвтоЖол" хабарламасында.

Тек бірнеше көлікке бұл шектеу қолданылмайды. Қызметтік міндеттемелерді орындау үшін жүріп өтуге рұқсат етіледі (бекітілген тізімге сәйкес және тек қызметтік автокөлікпен):

?Ұлттық саябақ қызметі,
?шекара заставасы,
?"Космостанция" ғылыми базасы,
?метеорологиялық және гидрологиялық қызметтер,
?Алматы қаласының туризм басқармасы.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!