"Тамбурдағы ең қымбат қой". Қазақстандықтар пойыздағы ерекше видеоны талқылап жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан скрин Видеодан скрин

Желіде пойыз тамбурында тасымалданған қой түсірілген видео пайда болды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.


Желіде пойыз тамбурында тасымалданған қой түсірілген видео пайда болды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

Видео журналист Михаил Козачковтың Telegram каналында жарияланды. Видео авторы Руслан Төлегенов пойыз 10 тамызда Петропавл - Алматы бағыты бойынша жүргенін айтты.

"№7 Вагон, №16 пойыз, Алматы - Петропавл бағыты. Бұл дәл бүгін болды. Мен желілік полиция қызметкеріне хабарласқанға дейін, жолсеріктер де, басшылар да тамбурда жануардың болуына жауап берген жоқ. Содан кейін өзім желілік полиция қызметкеріне бардым. Хаттама жасадық және қойды шығарып тастады. Қазір ол қайда және иесімен не болатынын білмеймін", - дейді жолаушы.

Видеоға пікір қалдырған оқырмандардың сөзіне сүйенсек, бұл қой ауғандық долан тұқымынан. Сарапшылардың айтуынша, бұл тұқымның қойлары ең қымбат деп саналады. Сондай-ақ, үлкен құлақтар жануарларға қатты жылу мен аязды жеңуге көмектесетіні белгілі. Долан қойлары тез салмақ алады, мойынсынғыш және ауруға төзімді.

Kaz.tengritravel.kz тілшісі видеоға қатысты түсініктеме алу үшін ИИДМ баспасөз қызметіне жүгінді. Ведомство мәліметінше, аталған пойыз "ТУРКСИБ АСТАНА"ЖШС-ға тиесілі. Алдын ала ақпарат бойынша жол жүру барысында №7 жолаушылар вагонының жолсеріктері жануарды алып жүрді.

"Жолаушылар тасымалының қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз ету мақсатында Қарағанды станциясында жануар түсірілді. 2022 жылғы 11 тамызда сағат 06.16 - да пойыз бригадасы Алматы-2 станциясына келеді, содан кейін қызметтік тергеу жүргізіліп, жұмыстан босатуға дейін тәртіптік сипаттағы барлық қажетті шара қабылданады", - деп хабарлады "Түрксіб Астана" ЖШС.


Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel