Фото Red Wings Фото Red Wings

Қазақстандық тағы бір қалаға Уфадан рейс ашылады


Red Wings әуекомпаниясы Уфадан Ақтауға рейс ашуға Росавиациядан рұқсат алды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі "Башинформ" агенттігіне сілтеме жасап.

Басылым РФ Федералдық әуекөлігі агенттігінің бұйрығына сілтеме жасап, Башқұртстан астанасы Уфадан әуекемелері енді Ақтауға да ұшатын болады деп хабарлайды.

Рейстің қашан ашылатыны белгісіз. Әуе тасымалдаушысының ресми сайтында Уфадан Ақтауға рейстің пайда болуы туралы әзірге ақпарат жоқ.

Бұған дейін Уфадан Нұр-Сұлтан мен Алматыға Red Wings ұшулары бастау алған болатын.

Сонымен қатар, Уфадан Қазақстан астанасына ресейлік "Азимут" компаниясы ұшады.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!





Осыған ұқсас мақалалар

Қазақстанда әуекомпаниялардың зейнеткерлер үшін қандай жеңілдігі бар Қазақстанда әуекомпаниялардың зейнеткерлер үшін қандай жеңілдігі бар
Еуропаға саяхатты қалай жоспарлау қажет? Еуропаға саяхатты қалай жоспарлау қажет?
Гавайға ұшқан барлық жолаушыларға ерекше сыйлық берілді Гавайға ұшқан барлық жолаушыларға ерекше сыйлық берілді