Сумоистер артық салмақ үшін рейске жіберілмеді

Japan Airlines әуекомпаниясы бортта салмақ мөлшері асып кетуіне байланысты суммоистерге қосымша рейс ашуына тура келді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі JapanNews басылымына сілтеме жасап.

Спортшылар Токиодан Осакаға ірі фестивальге қатысу үшін екі ұшақпен ұшуы керек болған. Екі ұшақта 150 адамдық Boeing компаниясы шығарған лайнерлер.

Әуекомпаниядағылар есептей келеді мынадай шешімге келген: "ерекше" жолаушылардың салмағына байланысты ұшақтар қажетті жанармайды алып жүре алмайды. Осылайша, 14 сумоисті түсіріп, арнайы рейспен жіберген.

Әуетасымалдаушы компания өкілдерінің айтуынша, мұндай жағдайлар өте сирек кездеседі екен.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!