Қазақстанның ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету деңгейі 82 пайызға артқан

Қазақстанның Үкімет басшысының бірінші орынбасары Роман Скляр ХААҰ Еуропалық және Солтүстік Атлантикалық бюросының өңірлік директоры Николас Ралло мырзамен кездесті, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Азаматтық авиация комитеті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ХААҰ) Еуропалық және Солтүстік Атлантикалық бюросының өңірлік директорының еліміздің ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстағы ілгерілеуін атап өтті.

"ИКАО аудитінің нәтижелері бойынша Қазақстанның ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету деңгейі 82 пайызға дейін артып отыр. Бұл әлемдік орташа көрсеткіштен 13 пайызға жоғары. Сонымен қатар Қазақстанның азаматтық авиацияны басқару жүйесін реформалау саласындағы оң ілгерілеу байқалатынына назар аударылды", - делінген ААК хабарламасында.

Кездесу барысында Николас Ралло ИКАО ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздікті, жолаушылар үшін әуе көлігінің қолжетімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ әуе тасымалы нарығын ілгерілету бойынша Қазақстанда жүргізіліп жатқан барлық реформа мен бастаманы қолдайтынын айтып жеткізді.

Сонымен қатар кездесу шеңберінде Қазақстан Республикасында азаматтық авиация саласын одан әрі дамыту мақсатында Ұшу қауіпсіздігінің ұлттық жоспарын әзірлеу және бекіту, авиация саласына арналған персоналды

Кездесу қорытындысы бойынша екі тарап талқыланған мәселелер бойынша жемісті ынтымақтастықты жалғастыруға келісті.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!