Шетелдік "Қазақстандағы ең арзан плацкарт" қандай екенін көрсетті

Ресейлік блогерлер Алматыдан Астанаға пойызбен барып, бұл туралы видео түсіріп, 700 мыңға жуық қаралым жинап, YouTube трендіне айналды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

"Біз Габармен Қазақстандағы ең арзан плацкартта 24 сағат саяхаттап жатырмыз" деген видеода саяхатшылар алған әсерін бөліседі. Жолсерікпен кездесіп, №7 вагон мен жергілікті мейрамхананы аралап, жүргізушілердің пешке көмірді қалай тастайтынын көрсетеді. Видео шынайылық пен романтикаға толы теміржол саяхатының атмосферасын береді.

"Жолсерік - нағыз кәсіби маман. Ол саяхат пен видеоның жайлылық пен жарық атмосферасының 50 пайызын жасады", "Осы роликтен кейін мен пойызға қайта мінгім келді. Романтика және балалық шақ естеліктері", "Тамаша түсірілім болды, қызық болды, қазақтар өте қонақжай халық. Мен Қазақстанды сүйемін", "Оны көргеннен кейін Қазақстанға келгім келді. Өте тартымды жолсерік", "Сондай тәтті, күлімсіреген, ақ көңіл жолсерік, ол сабырмен бәрін көрсетіп, түсіндірді, құрметтеңіз, ол сияқты адамдар барлық жерде болса ғой", - деп жазады пайдаланушылар.

Видео авторы Алексей Столяровтың блогына 4,5 миллионға жуық қолданушы жазылған, ол өзін "№1 спорт блогері" деп атайды. Эпизодта ол достарымен кафеге барып, ұлттық тағамдардан дәм татқан.

"Қазақ әжесі бізге қауын берді, жеп алдық. Жылқы етін алғаш рет жедім, ол өте дәмді. Бір жағынан оның сиыр етінен айырмашылығы жоқ, бірақ ұқсас емес. Өте күшті артық дәм де, иіс те жоқ. Қой етінен гөрі дәмдірек. Үлкен порциясы ет көп жерде бар болғаны 400 рубль тұрады. Етке 10-нан 10", - дейді блогерлер видеода.

Саяхат Астанада аяқталды, онда блогерлер вагондағы жылулық пен дәретханадағы тәртіпті бағалады. Елордаға келген олар жолсеріктердің мейірбандығы мен плацкарт вагондағы орындықтың тазалығына таңғалды.

"Маған Қазақстан өте ұнайды. Қазақстан өте керемет. Сізге көп рақмет! Бұл жерде өте табиғи атмосфера", - дейді блогерлер.

Бір қызығы, бұл Алексейдің қазақстандық пойыздар туралы бірінші видеосы емес. Бұған дейін блогер "Қазақстандағы ең қымбат вагонға" шолу жасаған және ол видео 1,5 миллионға жуық қаралым жинаған.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!