Шетелде жүрген 300-ден аса қазақстандық турист елге қайтарылады

TEZ.KZ туроператоры өз қызметін тоқтатты. Енді туроператорының барлық турисі Қазақстанға қайтарылады.
Бұл ақпаратты Қазақстан азаматтарының сыртқы туризм саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесінің әкімшісі "Туристік Қамқор" КҚ растады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Дегенмен осы туроператор арқылы шетелде жүрген қазақстандық туристерге алаңдауға негіз жоқ. Туризм және спорт министрлігі туристердің елге қайтарылатынын мәлімдеді.

Аталған туроператор ел азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесінің қатысушысы есептеледі. Бүгінде шетелде бұл туроператордың 300-ден аса қазақстандық турисі бар.
Мәселені шешу үшін Туризм және спорт министрлігі мүдделі тараптармен жедел кеңес өткізді.

"Осылайша министрліктің қолдауымен TEZ.KZ туроператорының барлық турисі Қазақстанға туроператордың кепілдік жүйесінде жинақтаған қаражаты есебінен қайтарылады. Кепілдендіру арқасында қайту үшін туркод болуы міндетті. Туристер келісімшарттарда көрсетілген мерзімдерге сәйкес Қазақстанға қайту билетімен қамтылады ", - делінген ведомство таратқан ақпаратта.

2016 жылдан бастап туристік оператордың сататын әрбір турында ТУРКОД - бірегей әріптік-цифрлық мән болуы керек. Туркод Қазақстан Республикасының шекарасынан өткен кезден бастап әрекет етеді. Сонымен қоса туроператордың өз міндеттемелерін орындауы не орындамауы мүмкін болмаған жағдайда тез арада қайтарылуына кепілдік береді. Әрбір турист оны талап етуі керек.

Қордың негізгі мақсаты - туроператордың өз міндеттемелерін орындамаған жағдайда турист есебіндегі Қазақстан азаматтарының шет мемлекеттен ел аумағына тез оралуын қамтамасыз ету.

Туристердің қайтарылуы бойынша барлық сұраққа қатысты келесі контактілерге хабарласуға болады:
1) " Туристік қамқор " КҚ директоры - Есілов Асылхан, тел. 74-51-58, +77015340508;
2) ҚР Туризм индустриясы комитетінің басқарма басшысы - Әуезов Мейіржан, тел. 74-07-71, +77015532064.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!