SCAT әуекомпаниясына қатысты әкімшілік іс қозғалды - ААК

ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің өкілдері SCAT әуекомпаниясына қатысты әкімшілік іс қозғалғанына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше, биыл 27 мамырда Қостанай-Анталья бағыты бойынша VSV–5280 рейсінен жолаушыларды алу себебі бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 571-бабын бұзғаны үшін "SCAT" әуекомпаниясына қатысты әкімшілік іс қозғады.

"Жолаушылардың барлық санаттарына, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға қызмет көрсету кезінде әдеп нормаларын сақтау қазақстандық әуекомпаниялардың жұмысында басымдық болуға тиіс екенін атап өтеміз. Осы талаптарды бұзу қолайсыз екенін ескертеміз", - деді комитет мамандары.

SCAT әуекомпаниясы өкілдерінің мәліметінше, жолаушыға келтірілген материалдық залал өтелді, жақын арада жолаушылар ұсынылған туристік жолдамаға сәйкес ұшуды жоспарлайды. Әкімшілік құқық бұзушылыққа жол берген SCAT әуекомпаниясының қызметкерлеріне қатысты тәртіптік шаралар қабылданатын болады.
Сондай-ақ, құқық бұзушылыққа жол бергендіктен, "SCAT" әуекомпаниясы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!