Астанадан Антальяға жаңа әуерейсі іске қосылды

Түркиялық әуетасымалдаушы Mavi Gök Aviation Астанадан Антальяға жаңа рейсін ашты, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

"Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы" АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, алғашқы рейс 4 маусымда Boeing 737-800 ұшағында орындалды және ол 5,5 сағатқа созылды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ASTANA INTERNATIONAL AIRPORT (@nqz_airport)

"Ұшақты дәстүр бойынша "су аркасымен" қарсы алды. Бұдан былай Қазақстанның астанасы мен Түркияның Жерорта теңізіндегі курорты арасында аптасына екі рет - сәрсенбі және жексенбі күндері тікелей әуеқатынасы жүзеге асырылатын болады", - делінген хабарламада.

Boeing 737-800 ұшағы 189 орынға арналған. Жоғары жолаушылар ағынын сақтай отырып, әуекомпания ағымдағы жылдың шілде айынан бастап ұшақты 300-ден астам жолаушы орыны бар Boeing 777-300ER-ге ауыстыруды жоспарлап отыр.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!