Ресей қазақстандықтар үшін құрлық арқылы кірген кезде ПТР-тестін алып тастады

1 сәуірден бастап қазақстандықтарға Ресейге құрлық шекарасындағы өткізу пункттері арқылы кіру үшін ПТР-тест тапсырудың және сауалнама толтырудың қажеті жоқ. Бұл туралы Ресейдің бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысында жазылды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

Жаңа ереже ресейліктер мен ЕАЭО елдерінің азаматтарына (Қазақстан, Қырғызстан, Армения, Беларусь) қолданылады. Тиісті қаулыға 2022 жылғы 31 наурызда елдің бас мемлекеттік санитарлық дәрігері қол қойды.

"1-тармақтың бірінші абзацы "шетел азаматтарына" деген сөздерден кейін "Ресей Федерациясы мемлекеттік шекарасының құрлық учаскесі арқылы Ресей Федерациясына кіретін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің азаматтарын қоспағанда" деген сөздермен толықтырылсын", - делінген қаулы мәтінінде.

30 наурыздан бастап Ресей тарапы Қазақстан азаматтарының Ресейге кіруіне және Ресей азаматтарының Ресей-Қазақстан шекарасының құрлық учаскесі арқылы Қазақстанға шығуына шектеулерді алып тастады.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!