KLM әуекомпаниясына Қазақстанға тікелей рейсті жаңарту ұсынылды

Нидерландтың KLM әуекомпаниясы бес жылдық үзілістен кейін қазақстандық нарыққа оралу мүмкіндігін қарастырады. Компания басшылары Қазақстанның Нидерландтағы елшісі Асқар Жұмағалиевпен тікелей рейстерді орындауды талқылады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Қазақстанның Нидерландыдағы елшілігіне сілтеме жасап.

Тараптар шектеу шараларының жаппай алынып тасталуы бүкіл әлем бойынша сапарлар санының қалпына келетініне сенімділік беретінін атап өтті. Осы орайда елші Қазақстанның туристік тартымдылығына тоқталды.

"Қазақстан табиғаты мен ерекше жерлеріне бай, бұл голландиялық туристерді таң қалдырады деп ойлаймын, - деді елші.

Дипломат голландиялық кәсіпкерлер Қазақстанға бірнеше аударымдармен баруға мәжбүр екенін атап өтті.

"Қазір KLM-де тікелей рейстерді қалпына келтіруге және сол арқылы сұранысты жабуға тамаша мүмкіндік бар. Қазақстан ірі логистикалық хаб болып саналады және KLM бұл артықшылықты пайдалана алады. Біз өз тарапымыздан сіздерді қолдауға дайынбыз", - деп қосты Жұмағалиев.

Қазақстанға KLM рейстерін жүзеге асыру бойынша консультацияларды жалғастыру туралы келісімге қол жеткізілді.

KLM Royal Dutch Airlines - Нидерландының флагмандық авиациясы. KLM хабы Амстердам Схипхол әуежайында орналасқан. 1919 жылы негізі қаланған KLM - әлемдегі ең көне компания. 2021 жылғы көрсеткішке сүйенсек, компанияда 35 488 қызметкер және 110 ұшақ паркі (еншілес компанияларды қоспағанда) бар. KLM 145 бағытқа тұрақты жолаушылар мен жүк тасымалдау қызметін жүзеге асырады. KLM қазақстандық нарықта 2005-2017 жылдар аралығында болды.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!