Петарда даусынан шошыған турист терезеден секіріп екі аяғын сындырды

Үндістанда петарданың дауысы шетелдік туристтің зәресін ұшырғаны сонша, ол қонақүйдің екінші қабатыннан секіріп кеткен екен. Шетелдікті ауруханаға алып кеткен, ал істі полиция тергеуге алыпты, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Hindustan Times басылымының мәліметінше, 33 жастағы норвегиялық Финн Веттл екі аяғы мен қолын сындырып алған. Оқиға Үндістанның солтүстігіндегі Джайпура қаласында болды.

Оқиғаның мән-жайын білген полиция келесі деректерді хабарлады: "Турист Джайпур қаласына 7 қыркүйекте келіп, New Airport Residency қонақүйіне тоқтаған. Ал түнде қонақүйге көршілес тұрған Джанмаштами ғибадатханасында жарылып жатқан петардалардың даусын естіп, терезеден секіріп кеткен. Оқиға орнына дәрігерлер келіп, зардап шегушіге алғашқы жәрдем көрсеткен және жақын маңдағы ауруханаға алып кеткен".

Әзірге норвегиялық азамат неге осындай қауіпті әрекетке барғаны нақты айтылмады. Үндістанда мұндай оқиғалар алаңдаушылық тудырып отыр. Осыған байланысты туристерге жергілікті салтқа қатысты ақпарат беру маңыздылығы қозғалып отыр.

Бұл жағдай Мароккодағы төтенше жағдаймен ұқсас өрбуі мүмкін: онда британиялық туристер қонақүйде паразиттік инфекция жұқтырып алып, өтемақы талап етіп сотқа жүгінген. Бәлкім норегиялық та жарақат алуына қатысты арыз беруі ықтимал.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!