"Орнитология меккесі". Қаракөлге қонған қоқиқаздар видеосы жарияланды

Ақтаулық блогер Азамат Сәрсенбаев квадракоптермен түсірген қоқиқаздар видеосын жариялады", - деп хабарлайды Кaz.tengritravel.kz тілшісі. 

"Өкіншке орай, оларға жақындауға мүмкіндік жоқ, инфрақұрылым жоқ, арнайы көру алаңқайлары жоқ, жалпы ештеңе жоқ...

Негізінде Қаракөл Маңғыстаудағы ерекше жер, қаласаң оны орнитология меккесіне айналдырып жіберуге болар еді, мысалға Дубайдағы Рас-аль-Хор қорығы секілді. Алайда барымыз осы", - деп жазды Азамат Сәрсенбаев өз аккаунтында. 

Айта кетейік, былтыр Азамат Сәрсенбаев Қаракөлге қонған қызғылт қоқиқаздардың видеосын жариялап, танымал бола түсті. Оның жариялаған видеосы жүздеген лайк жинап, Желі қолданушыларының жүргені жаулап алды. Оның видеосы шетелдік БАҚ өкілдері де байқаған.

Мұнда қызғылт қоқиқаздар мен аққулар мекендейді. Бүкіл әлемді баурап алған Қаракөл жайлы

14 қаңтарда ол Қаракөл көлінде қатты соққан желдің салдарынан тобынан адасып қалған жалғыз аққуды видеоға түсірді.