Мұнда қызғылт қоқиқаздар мен аққулар мекендейді. Бүкіл әлемді баурап алған Қаракөл жайлы

2020 жылдың соңында жергілікті билік, экологтар, зоологтар, туристер мен әлемдік қауымдастығының назары Қаракөлге ауды. Бұрын жергілікті тұрғындар ғана білетін бұл ерекше су қоймасы бір сәтте әлемдік бұқаралық ақпарат құралдарын баурап алды. Kaz.tengritravel.kz порталы Aviata.kz сервисімен бірге шетелдіктердің Қаракөлді не себепті жақсы көретіні туралы баяндайды.

Ақтаудан 10 шақырым жерде жасанды көл бар. Бір кездері таяз болған тоған 50 жылдан кейін мол жем-шөпті қорға айналды. Қаракөл - көптеген құстарға жылы жаққа ұшарда, келерде мекен ететін жайлы жер. Олардың ішінде Қызыл Кітапқа енген құс түрлері де бар, ал көлдің өзі Қарақия-Қаракөл мемлекеттік зоологиялық қорығына енгізілген және ерекше қорғалатын аймақ мәртебесіне ие болған.

Ақтау маңындағы Қаракөл көліндегі қоқиқаздар. Фото: Влад Ротмистров, Aktau360.com

Мұнда өте бай авифауна бар (авис - құс, ал фауна – жануарлар - автордың ескертпесі). Кейбіреулер Қаракөлді құстарға арналған "қонақүйге" теңеп жатады. Мұнда сыбырлақ аққу, суқұзғын, әупілдек, құтан, үйрек, шағала, балшықшы және басқа да құстар тіршілік етеді.

Қызғылт қоқиқаз - Қаракөл бренді

Бүкіл әлемді тамсандырған Қаракөлдегі қызғылт қоқиқаздар түсірілген видеоны жергілікті тұрғын Азамат Сәрсенбаев өзінің Facebook парақшасында жариялған. Видео бүкіл әлемге тарады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Sarsenbayev Azamat (@azamat_sarsenbayev)

Қызық дерек

Маңғыстау облысында Қаракөлден басқа итбалық аралдарында қызғылт қоқиқаздарды көруге болады. Бұл - Каспий теңізіндегі географиялық жағынан Қазақстанмен байланысты шағын аралдардың кластері. Мамандардың айтуынша, бұл құстардың саны азайып келеді, бірақ әлі жойылып кету қаупі жоқ.

Сондай-ақ, жыл сайын Каспий теңізінің жағалауына аққулар топ-тобымен ұшып келеді. Бұл сұлу құстардың алғашқы аялдамасы - Қаракөл.


Видео Youtube/Азамат Сәрсенбаев

Бейне-ролик авторы туралы айта кетсек. Азамат Сәрсенбаев - Ақтау қаласының тұрғыны және қала әкімінің штаттан тыс кеңесшісі. Ол өзі туралы "өмір бойы баспасөз хатшысы" екенін айтады. Көріп отырғанымыздай, азамат Қаракөлдің ресми емес менеджері бола алды.

Көлге оралсақ. Қаракөл техногендік су қоймасы және теңізге қосылған. Ондағы су теңізге қарағанда жылы, бұл көптеген тірі ағзалардың өмір сүруіне ықпал етті. Қаракөлдің алғашқы тұрғындары балдырлар, фито- және зоопланктон болды, содан кейін шаян тәрізділер мен балықтар пайда болды. Жағалаулар мен көптеген аралды қамыс басып кеткен. Сонымен таяз су айдыны біртіндеп бай жемшөп базасы бар батпақты жерге айналды. Мұны қоныс аударатын құстар пайдаланды. Олар мұнда жылына кем дегенде екі рет - көктем мен күзде келеді. Құстар шабақ және шаян тәрізділермен қоректеніп, тыныстау үшін Қаракөлде тоқтайды.

Фото: Влад Ротмистров, Aktau360.com

Көлге келетін құстар аймақтың климатына үйреніп алған. Сонымен қатар, кейбір құстар Қаракөлде және одан тыс жерлерде ұя салады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от АКТАУ I КАСПИЙ I КАЗАХСТАН (@nurgulxt20)

Көлдің тарихы

Жасанды көл 1967 жылы өзі аттас сор жерде пайда болды. Су қоймасы, шын мәнінде, салқындатқыш тоған болып есептелген. Оған "МАЭК-Қазатомөнеркәсіп" ЖШС жылу электр станцияларының энергетикалық жабдықтары салқындатылғаннан кейін жылытылатын теңіз суы осылай құйылады. Содан кейін канал арқылы қайта Каспий теңізіне қарай ағады. Қаракөлге жылы сулардың ағып қосылуына байланысты су қоймасы тіпті аязды күні де толық қатпайды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от АКТАУ I КАСПИЙ I КАЗАХСТАН (@nurgulxt20)

Көлдің ұзындығы 18 шақырымға, ені бес шақырымға дейін созылып жатыр. Оның тереңдігі бір метрден сирек асады. Жалпы ауданы 4,5 мың га, онда қамыс өскен көптеген кішкентай аралдар бар. Бұл құстардың ұя салуына жақсы әсер етеді.

Көл зоологиялық қорықтың бөлігі болғандықтан, оның аумағында аң аулауға қатаң тыйым салынады және экскурсияға да арнайы ережелер қарастырылған. Алайда, шектеулерге қарамастан, браконьерлік, мал жаю, қорықта тұрақты бақылаудың болмауы сияқты мәселелер туындайды. Жергілікті билік пен кәсіпорындар көлді сақтау үшін табиғатқа қамқорлықты насихаттау, сенбіліктер мен экологиялық турлар ұйымдастыру сияқты шаралар өткізеді.

Қарақия-Қаракөл қорықшасы

Бұл республикалық маңызы бар табиғи қорықша 1986 жылы Маңғыстау облысының Қарақия ауданында ұйымдастырылды. Оған Қарақия ойпаты мен Қаракөл көлі кіреді. Айтпақшы, Карақия ойпаты ғаламшардың ең төмен нүктелерінің тізімінде Каттарадан (Мысырда) - 133 метр, Афардан (Эфиопияда) - 153 метр, Тұрпан ойпатынан (Қытайда) - 154 метр және Гор планетасының ең терең жерінен (Сирияда, Йорданияда және Израильде) 400 метр тереңдікте кейін бесінші орында тұр.

Қорықтың ауданы - 1370 шаршы шақырым, оны Фарер аралдарымен салыстыруға болады. Қорықтың мақсаты - Қарақия мен Қаракөлдегі сирек кездесетін жануарлардың түрлерін сақтап қалу. Қорықтың тік және көлбеу аумағында тоғыз бұлақ бар. Жел мен судың әсерінен жартастар әртүрлі биіктіктерге бөлінді. Қорық өсімдіктерге онша бай емес, алайда, жоғарыда аталған қоқиқаздан басқа, өте сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төніп тұрған Қазақстан фаунасының түрлері де бар: үстірт арқары, безгелдек, қарабауыр бұлдырық, қарақұйрық, шағыл мысығы, ұзын инелі кірпі, үнді жайрасы. Бұл жануарлардың барлығы қорғауға алынған және Қазақстанның "Қызыл кітабына" енгізілген.

Қызық дерек

Карақия-Қаракөл қорықшасының аумағында палеоген дельфинінің қаңқасы және хутт акулаларының тістері табылды, олардың жасы жер сипаттамасына сәйкес Хатт кезеңіне (28-23 млн. жыл бұрын) жатады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Vladimir Yartsev (@hedgehog_1979)

"Бұрын бұл жерде неоген дәуіріне дейінгі Тетис мұхиты болған. Бұлар неоген және бор дәуіріндегі акулалар болуы мүмкін. Біздің қорымызда олардың үлкен жиынтығы бар, ал мамандар тіпті бір акуланың тістерін толық құрастырып шығарған, тістен басқа, біз теңіз кірпілерін, қосжақтаулы ұлуларды да жиі кездестіреміз", - дейді жергілікті мұражай өкілі.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Vladimir Yartsev (@hedgehog_1979)

Сондықтан қорықшаның аумағы археология мен палеонтологияны сүйетіндер үшін нағыз қазына болып табылады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Irina photograph (@freshview_irina)

Мұнда әсіресе ақпан мен көктемнің басында қолайлы болады. Қара жолдан бірнеше қадамдай қашықтықта сіз ғарыштық ландшафттарды тамашалай аласыз.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от АКТАУ I КАСПИЙ I КАЗАХСТАН (@nurgulxt20)

Сонымен қатар, сирек кездесетін ландшафтар аясында фотосессия ұйымдастыруға болады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ??????? (@zhuldyz_samesheva)

Қарақия ойпаты орналасқан Маңғышлақ түбегі - елдегі ең құрғақ аймақтардың бірі. Жауын-шашын бұл жерде сирек кездеседі. Бірақ бұл жер жаңбырлы бұлттардың табиғи генераторы. Жаздың ыстық айларында бассейннің түбінен атмосфераның жоғарғы қабаттарына көтерілген қызған ауа конденсацияланып, алып жаңбыр бұлттарын қалыптастырады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Воздушный шар // АКТАУ (@eco_caspiy_air)

Жергілікті аңыздарға сәйкес, ежелгі аймақ көптеген қазынаға толы. Кейбір бақытты адамдар оларды тауып та алған екен. Бұл әбден мүмкін, өйткені бұл жермен атақты Ұлы Жібек Жолы керуендері өткен.

Маңғыстау археологы Андрей Астафьев табылған қазыналардың бірі туралы айтып берді. Сонымен, оның айтуынша, 1915 жылы Қарақия ойпатындағы үңгірден алтын (алтын сырғалар, тостаған, бөтелке және алтынмен көмкерілген сутас) табылған. Археолог қазынаны тапқан Маңғышлақ ауданының бастығынан бастап, империялық археологиялық комиссия бұл қазыналарды сатып алып, олар Эрмитажда сақтау үшін жіберген дейді.

Ұнамсыз болжамдар

2018 жылы дәл осы жерде, Ақтауда "Каспий конституциясына" қол қойылды. Бұл - Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі және оның табиғи көрікті жерлері туралы конвенция. Неміс және голланд зерттеушілерінің бағалауы бойынша Каспийдегі су деңгейі 2100 жылға қарай қазіргіден 9-18 метрге төмен болады, бұл аймақтың экологиясында, экономикасында және саяси тұрақтылығында бірқатар мәселелер тудыруы мүмкін .

Карта, су деңгейі тоғыз және 18 метрге төмендегені көрсетілген Каспий теңізінің сұлбасы

90-шы жылдардан бастап су деңгейі жыл сайын бірнеше сантиметрге төмендей бастағандығы атап өтілді. Ғалымдар су деңгейінің төмендеуін буланудың жоғарылауымен және қыста теңіз мұзының еруімен байланыстырады. Бұл процестер Орталық Азия аймағында Жерорта теңізінде құрғақшылықтың жоғарылауымен байланысты.

Ғалымдар су деңгейінің төмендеуінен туындауы мүмкін мәселелерді алға тартады: бұл қоныс аударатын құстар, ақсерке және Каспий итбалықтары мен біртұтас экожүйеге әсер етеді. Алаптың ең таяз солтүстігінің құрғауы итбалықтардың жойылуына әкеледі.

Қалай жетуге болады?

Қаракөл көлі Ақтау қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 10-15 шақырым жерде орналасқан. Дәл географиялық координаттар, ендік пен бойлық - 48.7773107, 52.8758281. Су қоймасына бару белгілі бір күндері ғана екенін ескеріңіз, сондықтан экскурсиялардың күндерін нақтылап алу қажет. Баруға ең қолайлы уақыт - көктем мен күз.

Қарақия ойпатына өз бетімен де баруға болады, ол Ақтаудан 50 шақырым жерде орналасқан. Саяхатқа жолсыз көлікпен шығу ұсынылады. Жол Маңғышлақ ауылы арқылы Жетібай мен Жаңаөзенге қарай өтеді. Маңғышлақтан кейінгі айналма жолда бірінші шыға берісте бұрылу керек, ал 29 шақырымнан кейін ойпатқа бұрылыс болады. Төмен түсу өте тік және жартасты екенін есте ұстаған жөн. Қаладан ойпатқа дейінгі жол бір сағаттан астам уақытты алады. Сондай-ақ, күтпеген оқиғаларды болдырмау үшін өзіңізбен бірге тәжірибелі адамды алу қажет, өйткені жарықшақтар өте қауіпті.

Қарақия-Қаракөл қорықшасы, оның ішінде Қаракөл көлі республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар тізіміне енгізілгенін ұмытпаңыз. Сондықтан, суретке немесе бейне-видеоға түсірмес бұрын, ерекше қорғалатын әр табиғи нысанның техникалық құжатындағы нормалармен және ережелермен танысқаныңыз дұрыс немесе қоршаған ортаны қорғау мекемелеріне +7 777 678 5252 нөміріне орман және жануарлар дүниесі комитетіне хабарласып нақтылап алған жөн болады.


Фото Азамат Сәрсенбаев

Aviata.kz саяхаттауда жауапкершілік маңызды екенін еске салады. Табиғатқа ұқыптылықпен қарайық, балаларымыз тәлім алар табиғат болсын, ал біз ертең қайта оралар жер болуы қажет. Табиғаттың "бізден кейін" қандай болатындығы біздің қолымызда.

Aviata қосымшасын мына сілтеме бойынша орнатуға болады.