1 қыркүйектен бастап күнделікті №86/85 "Нұр-Сұлтан Нұрлы жол – Шымкент" пойызы қатынайды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Биыл 1 қыркүйектен бастап стандартты вагондармен жасақталған №71/72 "Нұр-Сұлтан-1 – Шымкент" күнделікті қатынайтын коммерциялық пойызы қатынайды.
Сондай-ақ, 5 қыркүйектен бастап №71/72 пойыздың "Нұр-Сұлтан Нұрлы жол – Шымкент" бағытындағы қатынасы өзгереді.
"Атырау-Алматы" бағыты бойынша:
- 1 қыркүйектен бастап стандартты вагондардан күнара қатынау кезеңділігімен №29/30 "Атырау-Алматы-2" коммерциялық пойызы жүреді;
- 3 қыркүйектен бастап әлеуметтік маңызы бар №41/42 "Алматы-2-Атырау" пойызы күнара қатынау жиілігімен тағайындалады.
Басқа бағыттар бойынша:
- Ағымдағы жылдың 5 қыркүйегінен бастап №10/9 пойыздың "Нұр-Сұлтан-1 – Алматы-1" бағытындағы қатынасы өзгереді;
- Ағымдағы жылдың 5 қыркүйегінен бастап №73/74 "Алматы-2 – Жезқазған" жедел пойызы құрамында Тальго вагондары (стандартты вагондардың орнына) күнара жиілігімен жүреді;
- Ағымдағы жылдың 3 қыркүйегінен бастап №69/70 "Алматы-2-Өскемен-1" Тальго коммерциялық пойызының жүрісі тоқтатылады.
Таяуда Нұр-Сұлтаннан "Нұр-Сұлтан Нұрлы жол – Алматы-2" бағытындағы №204/203 коммерциялық жолаушылар пойызының тағайындалғаны хабарланған еді.
Aviata.kz - үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, әлемнің қалаған нүктесіне теміржол және әуе билеттерін кез келген бағытта онлайн режимінде табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис.
Әуе және теміржол билеттерін сатып алуға болатын "Авиата" қосымшасын мына сілтеме бойынша жүктеуге болады.