Нұр-Сұлтаннан Алматыға жаңа "Тальго" пойызы жүретін болады

"Жолаушылар тасымалы" АҚ "Нұр-Сұлтан Нұрлы жол – Алматы-2" бағытындағы №204/203 коммерциялық жолаушылар пойызының тағайындалғаны туралы хабарлайды.

"Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, пойыз "Тальго" вагондарынан жасақталған. Ол күнара қатынайтын болады. 2022 жылғы 17 шілдеден бастап Нұр-Сұлтан Нұрлы жол станциясынан тақ күндері жөнелтіледі, ал 2022 жылдың 18 шілдесінен бастап Алматы-2 станциясынан жұп күндері жүретін болады.

"Ұлттық тасымалдаушы жолаушылардан жол жүру құжаттарын (билеттерін) BILET.RAILWAYS.KZ сайты немесе "ҚТЖ билеттері" мобильді қосымшасы арқылы онлайн ресімдеуді сұрайды. Вагонда орын болмаған жағдайда теміржол билеттерін сатып алу үшін "Күту парағы" функционалын пайдалануды ұсынамыз", - делінген баспасөз қызметі таратқан хабарламада. 

Барлық сұрақтар бойынша 1433 нөміріне хабарласуға болады.