Неліктен ет пен донер борттағы тағамға кірмейді

Сапардың алғашқы әсерлері борттағы тамақтанудан басталады. Сондықтан ұшуға арналған тағамдарды дайындауға айтарлықтай еңбек жұмсалды. Air Astana әуекомпаниясы борттағы тамақты дайындаудың қыр-сыры және бас аспазшылар тамақты тек жағымды естеліктер қалдыру үшін қандай жұмыс жүргізетіні туралы айтып берді.

Air Astana өз жолаушыларына түрлі тағам ұсынады. Әуекомпания мәзірінде тек арнайы тағамның 19 түрі бар. Ол ұшу бағыттарына, жолаушылардың қалауына, диеталық шектеулерге, қызмет көрсету класына және басқа жағдайларға байланысты ерекшеленеді.

Фото ©Елена Сергиенко @yelenasergiyenko

"Мәзір аймаққа байланысты өзгереді. Әуекомпанияның халықаралық рейстерінде мәзір еуропалық, ал жергілікті рейстерде жергілікті тағамдар көп. Мысалы, шетелдіктер көбінесе еттің сәл шикілей болғанын қалайды. Ал біздікі, керісінше, жақсы қуырылғанды жөн көреді. Сондықтан біз бортқа медиум велл қуыру етін жүктейміз және бортта жолаушының қалауына қарай кондицияға дейін жеткіземіз", - дейді Air Astana әуекомпаниясының тамақтануды әзірлеу және сапаны бақылау жөніндегі менеджері Светлана Дахова-Багранова.

Светлана Дахова-Багранова. Фото©Елена Сергиенко @yelenasergiyenko

Кішкентай қазақстандықтар мен шетелдіктердің де қалауы әртүрлі.

"Балалар тағамы түрлі-түсті және зиянсыз. Жалпы, қазақстандықтар көбірек дұрыс тамақтануды ұстануға тырысады: котлеттер, картоп пюресі. Шетелдіктер, керісінше, тауық еті сияқты тағамдарды сұрайды", - дейді ол.

Наурыз мерекесінде 19-27 наурыз аралығында Air Astana әуекомпаниясы арнайы ас мәзірін енгізді. Оған бауырсақ, балқаймақ, бешбармақ сияқты тағамдар кірді. Сондай-ақ, мәзірде лосось, үйрек және сиыр етімен толтырылған жасыл және қызыл қамырдан жасалған манты, чак-чак, палау, нарын болды. Светлананың айтуынша, бұл Наурызға арнайы әзірленген мерекелік мәзір болды.

Фото ©Елена Сергиенко @yelenasergiyenko

Air Astana борт мәзірін жылына төрт рет қайта қарайды - үнемі инновациялар енгізеді. Мысалы, соңғы уақыттан бастап тұздықтар жеке ыдыста беріледі, сондықтан жолаушылар тағамдағы тұздықтың мөлшерін өз қалауына қарай таңдай алады. Көп ұзамай жолаушылар гарнир де таңдай алатын болады.

Әр қалада борттағы тамақ әртүрлі. Мысалы, егер сіз Дубайдан Алматыға ұшатын болсаңыз, онда сіздің тамағыңызды компанияның Дубайдағы серіктесі дайындайды. Қазақстан бойынша да солай. Алматыда әуекомпания ACS (Almaty Catering Services) кейтерингтік компаниясымен ынтымақтасады. Кейтерингтік компанияның бас аспазы Бекир Караорен борттағы тамақты дайындау процесі толық құжатталғанын атап өтті. Компания ХАССП және ISO сертификаттарына ие және Air Astana-дан басқа, басқа компанияларға, соның ішінде шетелдік әуекомпанияларға қызмет көрсетеді. "Аспан асүйін" дайындаумен Алматы әуежайында орналасқан ауданы 2 500 шаршы метр цехта жұмыс істейтін 288 қызметкер айналысады. Демек, цехқа кіру тиісті қауіпсіздік қызметтерінің рұқсатымен қатаң түрде жүзеге асырылады.

"Біз экологияға құрметпен қараймыз, өз қызметіміздің жоғары сапасын қамтамасыз ету үшін барлық қажетті процесті енгіземіз. Пісіргеннен кейін бір айдан кейін де, қажет болған жағдайда, белгілі бір тағамды дайындау процесінің қалай болғанын білуге болады", - деді ол.

Бекир Караорен. Фото©Елена Сергиенко @yelenasergiyenko

Қазақстанда және Air Astana ұшатын елдерде әуекомпания өз жеткізушілері ретінде борттағы тамақтану саласында үлкен тәжірибесі бар кәсіпқойларды таңдайды. Әуекомпания бортсеріктердің есебі және клиенттердің пікірі арқылы, сондай-ақ құпия жолаушының бағалауы арқылы борттық тамақтану сапасын бақылайды.

Ең маңызды жаңалықтар - біздің Facebook парақшамызда! Дəл қазір жазылып алыңыз!