Қазақстаннан Шри-Ланкаға рейстер уақытша тоқтатылады

Қазақстаннан Шри-Ланкаға рейстер уақытша тоқтатылады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

Air Astana әуекомпаниясы соңғы рейсті 5 сәуірде жүзеге асырады. Әуе тасымалдаушының мәліметінше, рейстер коммерциялық себептермен тоқтатылады.

Соңғы уақытқа дейін "Эйр Астана" Қазақстаннан Шри-Ланкаға тікелей рейстер жасаған жалғыз компания болды. Алматы-Коломбо рейсі аптасына үш рет орындалды.

Бұған дейін туроператорлар арасында Қазақстаннан Шри-Ланкаға ұшатын рейстер 2022 жылдың 1 сәуірінен 1 қарашасына дейін тоқтатылатыны туралы ақпарат таратылған болатын. Бұл күндерді әуекомпаниядағылар растамаған.

Шри-Ланка - Үнді мұхитындағы шағын аралдық мемлекет. Туристер онда демалғанды ұнатады. Жыл бойы аралдағы климат жылы, температура күрт өзгермейді. Бірақ соған қарамастан өзінің климаттық ерекшеліктері бар.

Онда қыста барған жақсы. Күзгі-қысқы кезеңде ауа райы демалуға ыңғайлы. Сәуір жылдың ең ыстық айы болып саналады. Мамырда жаңбырлы маусым келеді, муссондар соғып, тропикалық жаңбыр жиі жауады.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!