Іле Алатауында жоғалып кеткен қызды құтқарушылар тапты

10 қыркүйекте Іле Алатауы тауларында Советов шыңы ауданында (биіктігі 4317 метр) 1990 жылы туған қыз жоғалып кетті, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағы баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Ол достарымен бірге тау жорығына шыққан, алайда жоғары көтерілгенде туристердің жолдары бөлек кеткен. Түн ортасында құтқарушылар көмекке шақырылды. Жоғалған адаммен байланыс болмады. ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының жедел тобы іздеуге шықты.

Бір сағаттан кейін құтқарушылар Советов шыңына шығып, іздеуге кірісті, өтініш берушіде де нақты геолокация болған жоқ. Төрт сағат бойы құтқарушылар түнгі уақытта таулардан туристі іздеді, кәсіпқойлығының арқасында келесі күні таңертең 5.16-да қыз табылды. Сағат 7.50-де құтқарушылар қызды РЖҚЖ жедел көлігіне түсірді", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, 2023 жылғы 10 қыркүйекте сағат 16:15-те РЖҚЖ жасағына Жамбыл ауданы, Алматы облысы Арасан-Қорасан шатқалында 38 жастағы әйелдің аяғын сындырып алған. Оқиға орнында жедел жәрдем қызметкерлері болды, бірақ олар зардап шегушіні тасымалдай алмаған. Сондықтан ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының тобы көмекке жіберілген.

Отряд базасынан оқиға орнына дейінгі қашықтық -124 шақырым. Сағат 18:47-де топ шақыру орнына және 15 минуттан кейін құтқарушылар зардап шеккен адамға келіп жетті. Екі сағат ішінде тау-кен құтқару зембілінің көмегімен құтқарушылар әйелді жедел медициналық жәрдем көлігіне дейін тар, тік жолмен тасымалдады", - дейді құтқарушылар.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ROSO_KAZAKHSTAN (@roso_kazakhstan)

ТЖМ құтқарушылары еске салады: тауға жалғыз бармаңыз, бағытыңызды зерделеңіз, қауіпсіздігіңізді тәуекел етіп жолды қысқартпаңыз және тауға шықпас бұрын туыстарыңыз бен жақындарыңызға болжамды бағыт пен қалаға оралу уақытыңыз туралы ескертуді ұмытпаңыз.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!