Қытайдың белгілі әуе компаниясы Алматыдан Бейжіңге рейс ашты

China Southern Airlines Бейжіңнің жаңа әуежайынан Қазақстанға рейс ашады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

2024 жылдың 25 қаңтарынан бастап Қытайдың танымал әуе компаниясы Алматы-Бейжің бағыты бойынша тұрақты жолаушылар рейсін жүзеге асыруды жоспарлап отыр, деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті.

"Рейстер Airbus-A320 ұшағында аптасына 3 рейс жиілігімен (сейсенбі, бейсенбі және сенбі) Бейжіңнің жаңа Дасин халықаралық әуежайынан орындалады", - делінген ААК хабарламасында.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!