Қазақстан мен Вьетнам арасындағы визасыз режим қашан күшіне енеді?

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Қазақстан мен Вьетнам арасында визасыз режимді енгізу мерзімін жариялады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

"Вьетнаммен визасыз режим жақын арада, тараптар барлық қажетті рәсімдерді аяқтаған кезде басталады", - деді СІМ баспасөз хатшысы Айбек Смадияров.

Еске салайық, осы жылдың тамызында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Вьетнам Социалистік Республикасына ресми сапармен барған болатын.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!