Күн тоғаны және Арыстан бекінісі аталған Қазақстанның ең жұмбақ аймағына саяхат

Маңғыстау - еліміздің ең әдемі аймақтарының бірі, ашық аспан астындағы қорық десе болады. Көптеген адамдар түбектегі саяхатты Марсқа саяхатпен салыстырады, себебі, жергілікті пейзаж сондай ерекшелігімен тамсандырады. Tengritravel.kz Маңғыстау облысының негізгі табиғи көрікті жерлері туралы әңгімелейді.

Көк шығанақ

Көк шығанақты көбінесе Каспий теңізінің інжу-маржаны деп атайды: мұнда да алтын құм, мөлдір таза су, таза ауа. Ең бастысы, барлық мезілде ауа райы жақсы. Бұл сурет емес пе? Көк шығанағы Ақтау қаласынан 40 шақырым жерде орналасқан. Жағажай толығымен жабайы болғанына қарамастан, туристер мен жергілікті тұрғындар арасында өте танымал.


Осы жағалауда өмір сүрген халықтардың үш мың жылдық тарихында теңіз 60-тан астам атауға ие болған. Әр түрлі уақытта Каспий теңізі Гирканский, Джурджанский, Хвалынский, Хазарский, Сихай теңізі немесе Тетис деп те аталды. Ол туралы алғашқы мәлімет Авестаның киелі кітаптарында кездеседі, ол біздің заманымызға дейінгі 1200 жылға дейін созылған. Гомер Каспий туралы да жазды, оны «күн тоғаны» деп атады. Айтпақшы, Каспий теңізі біздің дәуірімізге дейін оңтүстік-батыс жағалауында өмір сүрген жылқы ұстаушылар - каспилер мекендегендіктен солай аталған. Бұл атау теңізде гидрографиялық барлау басталған кезден бекітілді.

Каспийдің табиғаты таңғажайып. Мұнда балықтың 115-тен астам түрі мекендейді және өсімдіктердің 728 түрі өседі. Мұнда итбалықтар да мекендейді. Олардың қалай пайда болғандығы әлі күнге дейін құпия.

Ғалымдардың айтуынша, бір кездері өзен теңізді Солтүстік мұзды мұхитпен байланыстырған. Содан кейін, мұхитпен байланыс үзіліп, Каспий әлемдегі ең үлкен ішкі көлге айналды. Алайда ғалымдар әлі де Каспий теңізін теңіз немесе көл деп санау керек пе деген пікірталасты. Олар әлі консенсусқа келе алған жоқ.

Бүгінде теңізді бес мемлекет бөліп олтыр: Ресей, Әзірбайжан, Түркіменстан, Иран және Қазақстан. Бірақ әлі де көп бөлігі (шамамен 30 пайыз) біздің мемлекетке тиесілі. Каспий теңізіндегі су деңгейі тұрақсыз, бірақ оның төмендеу үрдісі бар. Қара және Каспий теңізі он мың жыл бұрын бір бүтін болғаны туралы ғылыми теория бар.


Сурет ашық дерекөздерден

Көк шығанақ - Каспий теңізінің сәні. Шығанақ осылай аталады, өйткені жылдың немесе күннің уақытына байланысты ол өз түсін көктен көгілдірге дейін өзгертеді.



Шығанақ Қазақстанның ең жақсы 50 туристік орнына кіреді.

Шерқала тауы

Шерқала - Маңғыстаудың символы. Ол Торыш шатқалында орналасқан. Дәл осы жерде орта ғасырларда Ұлы Жібек жолының керуен жолдарын күзететін бекініс салынды. Түркі тілінен аударғанда "шеркала" - "арыстанның қорғаны" дегенді білдіреді. Таудың етегінде ежелгі керуен-сарайдың қирандыларының, күзет тауашалары мен баспалдақтардың іздері қалған. Онда таудың басына апаратын құпия өткел болған дейді.

Бір жағынан тауға қарасаңыз, ол үлкен төңкерілген тостағанға немесе киіз үйге ұқсаса, екінші жағынан - арыстанның мүсініне, дәлірек айтсақ, ол басын аяқтарының үстіне қойып жатқан кейпіне ұқсайды.

Біздің гид Бауыржан Билманның айтуынша, жергілікті тұрғындар бір кездері осы таудың жанында қазақ пен түрікмен тайпалары арасында шайқас болған деген аңыз сақталған екен. Қазақ сарбаздары түркімен әскерін Шерқалаға көтерілуге мәжбүр етеді. Жоғарғы жағында құдық бар екен, олар су ішіп, дамылдап, қазақ әскерлерінің кетуін ұзақ күтеді. Бірақ олай болмады. Оның үстіне қазақ жауынгерлері құдықтағы арқанды кесіп алады. Шайқас ұзаққа созылады. Бұл қаншалықты шындыққа жанасады, айту қиын. Алайда, Шерқалаға мұқият қарасаңыз, көптеген қазақ және түрікмен зираттарын көруге болады.

Халық арасында, тілек тілеп, тауды айналып шықсаңыз, ол сөзсіз орындалады деген сенім қалыптасқан. Тек кем дегенде екі сағат жүру керек. Бірақ гидтер Шерқалаға көтерілуге кеңес бермейді. Бұл өте қиын және тек тәжірибелі альпинистер ғана жасай алады. Жергілікті тұрғындар өрмелеудің техникалық қиындықтарына тағы наным-сенімдерді қосады. Шерқалада көптеген грототалар мен үңгірлер бар. Оларда аруақтар өмір сүреді деп сенеді, сондықтан тауға кіруге тырыспау керек.

Бірақ уфологтар Шерқала тау емес, нағыз инопланетияндық кеме деп санайды. Тәрелке түріндегі таудың пішіні соған сәйкес келеді. Ресейлік Наномир зертханасының қызметкерлері компьютерлік модельдеу жүргізіп, Шерқала жасанды тау жынысы дегенді айтты. Болжам бойынша, ежелгі кезеңде, инопланетяндық кеме Маңғышлаққа келіп қонған, өздерін жасыру үшін олар кемені Тетис мұхитының түбіне жасырған. Қандай да бір себептермен қонақтар ешқашан өздерінің орнына оралмады. Ұшатын табақ мыңдаған жылдар бойы құм астында жатқан. Тетис құрғағаннан кейін, бейтаныс кеме жер бетіне шығып қалады. Бұл, әрине, болжам ғана. Бірақ Маңғышлақ ұзақ уақыттан бері уфологтарды және әлемдегі беймәлім құбылыстарды зерттеушілерді қызықтырмай тұрмайды.

Шерқаладан алыс емес жерде жасыл оазис бар, бұлақ пен кішкентай Ақмыш өзені. Бұл кең шөлдегі жалғыз су көзі. Шерқала тауы Қазақстандағы ең жақсы туристік орындардың бірі болып саналады.

Шарлар алқабы


Шарлар алқабы - Маңғыстау облысының көрікті жерлерінің бірі. 250 жылдан астам уақыт бойы әлемнің ғалымдары осы таңғажайып тас блоктардың пайда болу құпиясын шешуге тырысып келеді. Әзірге олар бір шешімге келе алмады.

Мистиктер аңызға сенеді, оған сәйкес жергілікті тұрғындар өздерінің дұшпандарын тасқа айналдырды. Ғарыш теориясының жақтаушылары бұл ежелгі метеориттердің бөліктері деп мәлімдейді. Алайда ғалымдар әдеттен тыс шарлардың пайда болуы - жердегі геофизикалық процестердің нәтижесі деп санайды.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры Асима Көшім ғылымда шарлардың пайда болуының екі негізгі нұсқасы бар деп түсіндіреді: біріншісіне сәйкес, олар тектоникалық жарықтар аймағында болған жер сілкінісі салдарынан пайда болды. Пластиналардың жылжуына байланысты тау жыныстары төгіліп, балқып, кесектерге айналды.

Бұл гипотеза тастардың ортасында уақыт өте келе өздігінен құм мен сазды илеген дән бар екендігі расталады. Екінші нұсқа бойынша, шарлар 120 миллион жыл бұрын пайда болған. Содан кейін бұл жерде планктонның үлкен қоры бар мұхит тұрды. Дәл осы организмдер сфералық түйіндерге негіз болды, олардың мөлшері уақыт өте келе ұлғайды. Жылдар өте келе, су азая бастады және шыңдалған шарлар құрлықта қалды. Қай нұсқаның шын екендігі туралы айту қиын.



Маңғыстаудағы Шарлар алқабы әлемнің түкпір-түкпірінен саяхатшыларды қызықтырады. Олар мұнда кәдімгі дөңгелек пішінді тастардың шашырауын қарау үшін келеді. Олардың барлығы әртүрлі өлшемдер мен түстерге ие. Желдің әсерінен блоктар құлап, ландшафт одан да жұмбақ көрініске ие болады. Алайда тас блоктарды Маңғышлақтың барлық жерінде табуға болады. Бұл жер құнарлы және керемет!

Сіз Ақтаудан Маңғыстаудың осы және басқа көрікті жерлерін көре аласыз. Әдетте, туристік компаниялар автобустарда бір күндік турларды 30 мың теңгеден, ал жекелеген джиптермен саяхаттауды 60 мың теңгеден бастайды. Бір уақытта ондаған аттракциондарды қамтитын бірнеше күндік турлар бар. Олардың кемшіліктерінің арасында (мүмкін, плюстар) сіз түнде және түскі асты ашық жерде отырып ішуге тура келеді. Бірақ мұндай турлар ғажап әсер қалдыратыны сөзсіз.

Мәтін авторы: Мадина Ашилова
Фото: Әлібек Бегалинов