Ұшақта өрт шыққанда аман қалу мүмкіндіктері қандай?

Ресейлік стюардесса ұшақ бортында өрт шыққан жағдайда жолаушылардың не істеу керектігін және төтенше жағдай кезінде аман қалу мүмкіндіктері туралы Instagram желісіндегі парақшасында айтты. 

"Есте сақтаңыз, ұшақ өртке оранғанның өзінде, әрдайым аман қалу мүмкіндігі бар! Ең бастысы, саспау керек және экипаж мүшелерінің нұсқаулықтарын бұлжытпай орындаған жөн. Өрт шыққан сәтте басыңызды еденге дейін төмен еңкейтіп, еңбектеп қозғалу керек және сулы шүберек арқылы демалған дұрыс", - дейді бортсерік қыз. 

Бірінші кезекті, оның айтуынша, егер саяхатшы ұшақта түтін шыққанын көрсе, ол бірден бортсерікке хабарлауы керек, әсіресе жабындылар арасынан шыққан ақ түтін жайлы дереу хабарлаған жөн, өйткені сымдар тұтанған болуы мүмкін. 

Бортсерік қыз ұшақтың екі қозғалтқышы да істен шыққанда не болатынын айтты

Сонымен қатар, мысалы туристің ұялы телефоны өртенсе оның үстіне су құю қажет, содан кейін оны бортсерікке беру керек. Ол ары қарай өрт шықпасы үшін оны металл контейнерге салып қояды. 

Сондай-ақ, стюардесса ұшақ бортында темекі шегуге тыйым салынатынын айтады, себебі көптеген шылым шегушілер темекі тұқылын әжетхананың қоқыс салғышына тастап кетеді екен. "Мұндай іске баратын адамдардың ойында не барын кім білсін? Қоқыс жәшігінде қағаз бен оттегі көп болады - бұл дегеніміз тұтану үшін жақсы мүмкіндік", - дейді ол.