Ақжардың бор тауларына барған туристер жергілікті табиғат көрінісін қарақатты смузимен салыстырып жатады, ал біреулер олардың атын "кемпірқосақтай құбылмалы" деп өзгерту керек дейді. Kaz.tengritravel.kz порталы мен Aviata.kz сервисі шетсіз-шексіз Сарыарқаның ең қызықты табиғи көрікті жерлерінің бірі жайлы баяндайды.
Ақжар бор таулары Қарағанды облысы Ұлытау ауданындағы Жаңақала және Ұлытау ауылдарына жақын орналасқан. Аудан Қостанай облысының оңтүстік бөлігін, Екідін ауылына жақын жерді алып жатыр.
Ақжар есімі "ақ жар" дегенді білдіреді. Бұл атау аймақтың түсі туралы нақты түсінік берсе де, іс жүзінде шатқал әртүрлі реңктегі аласа төбелердің шағын массивінен құралған: сары түстен қызылға дейін. Төбелер кристалды гипс қоспасы бар сазды топырақтардан құралған, сондықтан шыңдар күн сәулесінде жарқырайды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Туристер бірауыздан бұл тауларды Марс планетасының пейзаждарымен ұқсастығы үшін "марстық" деп атайды.
"Күлгін түсті, қарақаттан жасалған смузидей тауларды бұрын-соңды көрмеппін, оған қоса төбелердің ұшында кристалды тастар бар. Мені өкіндірген бір жайт – қолымда дронның болмауы. Көзбен көргенімді жай сөзбен жеткізу мүмкін емес", - деп жазады тревел-блогер Аида.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Блогер Ұлан Әлімбеков өз жазбасында бұл төбелерді "кемпірқосақтай құбылмалы" деп атайды. Оның айтуынша, кең сары жазықта келе жатып, кенеттен түрлі-түсті төбелерді көру нағыз таңқалдырарлық жағдай.
"Бәрін айт та, бірін айт, бірақ осы жазықтағы түрлі-түсті, құбылмалы борлы тауларды тамашалау – сөзбен айтып жеткізе алмайтын сезім, әсіресе, кең далада бес сағат жол жүріп, түрлі-түсті жолақтарды тамашалайсыз. Жер-Ана таңғалдырып, сұлулығымен баурап алады.
Ең таңқаларлығы не, білесіздер ме? Таулар менен сәл биікте, әрі олар сондай түрлі-түсті. Ал, мында қандай түстер десеңізші, олар күн сәулесіне шағылысып, құбылады. Осы постты жаза отырып, бұл төбелерге жаңа атау таптым, кемпірқосақтай құбылмалы төбелер – осылай әлдеқайда жақсы ғой ", - деп жазады Ұлан.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Керемет табиғи көрінісіне қарамастан, Ақжарда тіршілік жоқ. Өсімдіктері сирек, жануарлар аз. Мұның себебі - жылу мен ылғалдың болмауы. Соған қарамастан, массивтің аумағында сіз ірі жыртқыш құстардың ұялары орналасқан үңгірлерді таба аласыз.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Мұндағы ең жақсы көріністер күн шыққанда көрінеді. Ал күн батқанда мұнда бәрі қызыл және қызғылт сары реңктермен көмкеріледі. Блогер Қанат Молдахметұлы күн батқанда Ақжар борлы тауын көру бақытына ие болғанын айтады.
Фото Қанат Молдахметұлы
"Біз түстен кейін сағат екіде жолға шықтық, жолда бір-екі сағат болдық және ең әдемі уақытты - күннің батқанын тамашаладық. Дәл осы уақытта төбелердің күлгін реңктерін көруге болады", - дейді ол.
Фото Қанат Молдахметұлы
Шатқалдан басқа, бұл аймақта басқа да қызықты орындарды – қараусыз қалған Жакуда ишан медресесін аралауға болады. Мектеп 1918 жылы салынған, ол 100 орынға есептелген. Медресе Қорғасын ауылының солтүстік-батысында орналасқан.
Сондай-ақ жергілікті гидтер Кейкі батыр үңгірін көруге кеңес береді. Ол Қарата-Торғай өзенінің бойында, Қостанай мен Қарағанды облыстарының шекарасында, Қорғасын ауылынан солтүстік-батысқа қарай алты шақырым жерде орналасқан. Дәл сол жерде, бір шақырым жерде түлек руынан шыққан ғалым Мақат кесенесі орналасқан. Айта кетсек, Ұлытаудың төңірегінде көптеген кесенелер бар. Олардың барлығын көру үшін сілтеме бойынша Ұлытау туристік жолсілтеушіні пайдалануды ұсынамыз.
Шайтанкөлден "дала шатырына" дейін. Сарыарқаның таңғажайып пейзажы
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Тамақтану және түнеу
Қорғасын ауылында бірнеше дүкендер мен қонақ үйлері бар. Мұнда жанармай құю бекеті жоқ - жанармай құйылған цистерна алу керек. Сондай-ақ, өзіңізбен шатыр, жылы киім, тамақ алған жөн. Жергілікті гидтер адам санына және басқа да қалауларына қарай 100 мың теңгеге трансфер, түнеу, тамақтану және экскурсия кіретін саяхат ұсынады.
Қалай жетуге болады
Бәрінен бұрын "құбылмалы тауларға" жазда құрғақ кезде барған дұрыс. Бұл жердің топырағы саз болғандықтан, жаңбырда көлік жолда тұрып қалуы мүмкін. Жалпы, ол жаққа жетудің ең ыңғайлы тәсілі - жол талғамайтын көлік. Өз бетіңізбен сапарға шықпас бұрын бағытыңызды және барлық жолды алдын ала зерттеген дұрыс. Мүмкін жергілікті тұрғындармен танысасыз. Сондай-ақ, ауыл тұрғындарының арасынан жолдардың қыр-сырын білетін гид де табуға болады. Саяхатшылар кейде жол бойындағы белгілерді таба алмайды.
Ақжардың бор тауларына Сарлық ауылынан да жетуге болады, шамамен 72 шақырым. Саяхат екі сағатты құрайды. Ауылдан батыс бағытқа шығу керек, ал 13 шақырымнан кейін жол солтүстік-батысқа, одан кейін солтүстікке Сарыторғай өзенінің арнасына, одан әрі оның сол жағалауымен жоғары қарай кете бастайды. Одан ары өткелге дейін жүріп, оны кесіп өтіп, солтүстік-шығысқа қарай Ақжар бор тауларына тағы төрт шақырым жүріп өту керек.
Массивті зерттеуді оның оңтүстік-батыс жағынан да бастауға болады. Бастапқы нүкте Қорғасын ауылы болмақ. Ақжарға дейін 72 шақырым және екі сағаттан артық жол. Ол үшін батысқа қарай жүріп, 37 шақырымды еңсеру қажет. Бұл бір сағаттан астам уақытты алады. Қорғасын ауылына Нұр-Сұлтан (405 шақырым), Қостанай (490 шақырым) және Қарағанды (470 шақырым) қалаларынан жетуге болады.
Саяхаттау - ол да бір жауапкершілік екенін Авиата еске салады. Кейінгі ұрпақтың салауатты өмірі үшін және қайтар жолымыздың тазалығы үшін табиғатты барынша аялайық.
Табиғаттың ертең қандай болары біздің қолымызда. Бастаманы қолдау үшін өзіңіздің "саналы" саяхаттарыңыздан #jasylbolsyn Авиата хэштегімен фотосуреттер мен бейне-видеоларды жүктеуге болады.