Шайтанкөлден "дала шатырына" дейін. Сарыарқаның таңғажайып пейзажы

"Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошы Қыпшақ жерін (Сарыарқаны) көрген кезде әлемде бұдан асқан жер болмайтынын, ауасы керемет, суы тәтті, жайылымдары өте кең", - деп жазды XIII ғасырда парсы тарихшысы әл-Джурджани өзінің "Табакат-и Насири" трактатында. Шынында да, Ақмола, Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстарын қамтитын Сарыарқа аумағы өзінің сұлулығымен және бай табиғи әртүрлілігімен таң қалдырады. TengriTravel.kz сіздерге Қазақтың ұсақ шоқысының таңғажайып мекендерді тамашалауды ұсынады.

Ақжар таулары

Ақжар таулары Қарағанды және Қостанай облыстарының шекарасында орналасқан. Ерекше түс пен құрылым бұл жерді бірегей етеді. Бұл аймақ әлемдік блокбастерде жиі көрсетілетін Марстық пейзаждарға ұқсайды. Таулар гипс қоспасы мен саз балшықты топырақтан қалыптасқан. Сондай-ақ, массив аумағында өте кең үңгірлер бар, онда үлкен жыртқыш құстардың ұяларын табуға болады. Құрылымы өте ерекше, өйткені тастар адам салмағынан опырылып жатады, бұл ұзақ жылдар бойы жаңбыр мен қардың ұзақ әсерінің нәтижесі.

Басқамыр қалашығы

Басқамыр қалашығы - Қарағанды облысындағы Талдысай шатқалында орналасқан бірегей археологиялық ескерткіш. Ол Жезқазған қаласынан 83 шақырым жерде, Ұлытау ауданындағы Жезді кентінен 25 шақырым теріскейде, Жезді өзенінің сол жағалауындағы, Талдысай өзенінің құйылысында, Есқұла шоқыларының қойнауында орналасқан. Мұнда ғалымдар қарауыл мұнаралары мен цитадельдері бар үш қабырғамен қоршалған қамал қирандыларын тапты. Жақын маңда орта ғасырға жататын ежелгі қорымдар және суару жүйесінің қалдықтары да табылған. Ондағы қабір тастардан қазақ руларының тамғаларын көруге болады. 

Жетіқұдық

Ортау - Сарыарқаның көптеген таулы оазистерінің бірі - Қарағанды облысында орналасқан. Бұл жерде саяхатшының көз алдында жеті шағын жартасты көлден тұратын сарқырама пайда болады. Аңыз бойынша, егер адам барлық жеті "құдықта" суға түсетін болса онда оның тілегі орындалады.

Ақсоран шыңы

Ақсоран, Қарағанды облысындағы Қызыларай тауының шыңы "Дала шатыры" деп аталады. Ол Орталық Қазақстанның ең биік нүктесі (1 565 метр). Ақсоран бөктері өте тік, өте бөлшектелген және пермдік граниттерден тұрады.

Сұңқар шоқысы

Ақмола облысының оңтүстік-шығысында және Қарағанды облысының солтүстік-шығысында Ерейментау тау алқабы орналасқан, оған "Сұңқар шоқысы" да кіреді. Бұл тау бөктеріндегі жартасты шоқылар мен тау жоталары көмкерілген таулы арал ежелгі Тиман-Алтай тау жүйесінің бір бөлігі. Шырынды шоқылар аумағында жыл сайын бір ұялық ителгі жұбы байқалады, осы жерден осындай атау пайда болды.

Жасыбай көлі

Павлодар облысындағы Жасыбай көлі - Қазақстандағы табиғаты көркем, суы тұнық көлдердің бірі. Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама - қазақ халқының тарихындағы ащы қасірет, Отан басына күн туған аса қайғылы кезең. Жоңғар шапқыншылығына қарсы тұру үшін қол жиналды. Бір шайқас алдында Олжабай батыр Жасыбай батырға сарбаздарымен келе жатқан жоңғар жасағының жолын бөгеп, жiбермеудi тапсырады. Мыңға толмайтын жасақты бастаған Жасыбай батыр екi есе көп жау қолымен асқан ерлiкпен соғысады.Бiрақ оқыс тиген жау садағының оғынан қайтыс болады. Қазақ қолы шегiне бастайды.Сол кезде тау шатқалына Олжабай бастаған әскер кiредi. Олжабай батыр Жасыбай батырдың жау оғынан мерт болғанын естiп, қалмақтарды қырып салады. Бұл күнде ол жер Қалмаққырылған деп аталады. Әйткенмен, Баянауыл ұлттық табиғи паркі аумағында тау жоталары арасында орналасқан осынау көл жайлы білмейтіндер әлі де аз емес. Мұнда келген демалушылар көлге шомылып, қарағайлы орманды жаяу аралап, тауға шығып көңіл сергітеді.

Қоңыр әулие үңгірі

Шығыс Қазақстан өңірінде бір таңғажайып жер бар. Оны Қоңыр Әулие үңгірі деп атайды. Ол Жасыбай көлінен үш шақырым жерде орналасқан. Оны адамзаттың ата-анасы Бай-ана мекендеген орын деп санайды. Бұл жерде Құдайға құлшылық етіп, тілеген дұғалар орындалып, ал үңгірдің тереңдеуіне жиналатын судың емдік қасиеті бар деген сенім бар. Жету қиын емес, алдымен Абайдың туған жеріне Жидебайға дейін керемет асфальт жолмен, содан кейін Шыңғыс тауларына қара жолдармен бірнеше сағат жүру керек. Сізді Ақтас тауында таңғажайып көрініс - жерасты шипалы көлі бар үлкен үңгір күтеді.

Кемпіртас

Баянауылдың басты әрі ең танымал мүсіні - Кемпіртас жартас. Біреулер өздерінің "батырлығын" дәлелдеу үшін техниканың көмегімен Кемпіртастың "тілін" трос байлай отырып вандалдық әрекетке барған. Жалпы, Кемпіртас туралы аңыздың бірнеше нұсқасы бар, бірінде тіпті Баба-Яга қылып қояды. Қазақ жеріндегі қайдағы Баба-Яга, кейде не болса соған сене беретініміз бар-ау! Тіпті Иван Купаланы Қазақстаннан тауып жүргендер кездеседі. Негізі Кемпіртасты әр қырынан қарасаңыз бірде жас қызға, енді бірде егде тартқан әйелге, тағы бірде әжеге ұқсайтыны рас. 

Тамды өзені

Қарағанды облысында ағып жатқан Тамды өзенінің оң жағалауында петроглифтер орналасқан. Олар Қызыл құмда бір шақырым жерге жуық қашықтықта орналасқан. Жалпы алғанда зерттеушілер 130 жеке суреті бар 18 жазықтықты тапты. Көбінесе бұл жылқылардың, түйелердің, тау ешкілерінің және бұқалардың суреттері. Сондай-ақ, атты адам, жыртқыш, жылан, ит, құс және басқа да бейнелер бар.

Ұлытау

Ұлытау Сарыарқасының ең көне алқаптарының бірі негізінен граниттермен салынған. Оны "көлдер мен бұлақтар елі" деп атайды. Аудан аумағында 636-ға жуық ескерткіш бар, олардың кейбірі палеолит пен неолит дәуіріне жатады. Сонымен қатар, Ұлытау ауданында ботаникалық және географиялық зерттеулер бойынша 617 өсімдік түрі анықталды, оның ішінде 90 дәрілік түрі.

Шайтанкөл көлі


© Аида Тастемирова / QazaqGeography

Шайтанкөл Қарағанды облысының аумағындағы Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде орналасқан. Көл таудың төбесінде тастардың арасында орналасқан, сондықтан оған тек жаяу жетуге болады. Халық арасында мұнда зұлым рухтар бар деп саналды, сол себепті осындай атау пайда болды.

Суреттер "Ұлы Дала Еліне саяхат" жобасы аясында QazaqGeography қоғамдық бірлестігінің іске асырған "Сары-Арқа" экспедициясы кезінде жасалды.

Дайындаған: Нурлыайым Нұрсайын