Көлік прокуратурасы министр бұйрығына наразылық келтірді

Көлік прокуратурасы т/ж көлігімен жолаушыларды тасымалдау Қағидаларына қатысты Министрдің бұйрығына наразылық келтірді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі құзырлы орган баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Көлік прокуратурасы жоспарлы талдау нәтижелері бойынша Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылы 30 сәуірде "Теміржол көлігімен жолаушыларды, багажды, жүк-багажды және пошта жөнелтілімдерін тасымалдау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына наразылық келтірді.

Осы Қағидаларға сәйкес 15 және одан асқан балалар "ҚТЖ "ҰК" АҚ-ның қызметтерін заңды өкілден нотариалды куәландырылған жазбаша келісім мен сенімхат болған жағдайда ғана дербес пайдалана алатыны анықталды.

Бұл норма Азаматтық кодекске және "Нотариат туралы" Заңға сәйкес "келісімді" куәландыру мен "сенімхат" беру екі өз алдына бөлек нотариаттық іс-әрекет екені ескерілмеген.

Бұл ережелерді қолдану мониторингі көрсеткендей, жолсеріктер Қағидаларға сілтеме жасап, бұндай жолаушылар сапарға жіберілмей немесе оларды қозғалыс барысында алынып тасталынған жағдайлар болған. Бүгінгі таңда Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі прокуратураның наразылығын толық көлемде қанағаттандырды және "ҚТЖ "ҰК"АҚ бір ғана құжаттың (нотариалды куәландырылған келісім) болуы бойынша осындай қызметтер көрсету туралы нұсқау берді", - делінген Бас көлік прокуратурасы хабарламасында.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!