Акула балықшыны суға тартып кетті - видео

Балықшылар тобы өміріндегі "ең қорқынышты күнді" бастан өткерді, акула олардың бірінің қолына жармасып, суға тартып кетті , - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі YahooNews басылымына сілтеме жасап.

АҚШ-та сұмдық оқиға болады. Үш ер адам Флоридадағы Эверглейдс ұлттық паркінде балық аулап жүрген. Ник есімді балықшылардың бірі ілмектен балықты шешкен соң қолын суға жуып жатқанда акула жақындаған. Теңіз жырқышы оның қолына жармасып, суға тартып кеткен. Қуанышқа орай оның достары көмекке келіп, достарын бір ажалдан аман алып қалды.

"Ұста оны! Ал оны", - деп айғайлады қайық ұстаған жігіттер Никті құтқару кезінде.

Осы оқиғаның видеосы Facebook желісінде жарияланды. Онда акуланың Никті тістеген жері қанап жатқанын көруге болады.

"Бүгін бұрын-соңды болмаған судағы ең қорқынышты күндерімнің бірі болды", - деп жазды Майкл есімді балықшы.

Жергілікті БАҚ мәліметінше, жұмада ер адам әуе арқылы ауруханаға жеткізілген.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!