Менің елім 09 шілде 2024 14:36

Көлік министрі ҚТЖ-тың табысы туралы айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: ҚТЖ Фото: ҚТЖ

"Қазақстан темір жолы" (ҚТЖ) ұлттық компаниясы 2020 жылдан бері кіріс әкеліп жатыр. Бұл туралы көлік министрі Марат Қарабаев айтты, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.


"Қазақстан темір жолы" (ҚТЖ) ұлттық компаниясы 2020 жылдан бері кіріс әкеліп жатыр. Бұл туралы көлік министрі Марат Қарабаев айтты, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Көлік министрінің айтуынша, ҚТЖ 2020 жылдан бері табысты саналады.

"Бұған дейін шығынды кезең болған. 2,9 триллион теңге (қарыз - еск.) мемлекет ақша бөлмегендіктен пайда болды. Қазір барлық ірі жобалар жолаушылар мен локомотив паркін салу мен жаңартуға байланысты. Олар ұлттық компанияның өз қаражаты есебінен жүзеге асырылады", - деді ол.

Қарабаев белгілі бір жағдайларда мемлекет компания шығындарының бір бөлігін субсидиялайтынын түсіндірді. Ал 2,9 триллион теңге несие жылжымалы құрамды жаңартуға және ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға жұмсалған.

"Бүгінгі күнге дейін ҚТЖ бірде-бір кредиттік қарызды кешіктірген жоқ. Ұлттық компанияның барлық несиесі өз уақытында төленеді. Сонымен қатар, компания 2020 жылдан бастап табысты. Былтыр компанияның барлық қарызын, міндеттемелерін төлегеннен кейінгі таза пайдасы 134 миллиард теңге болды", - деп толықтырды министр.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!