Қазақстаннан Вьетнамға жаңа әуе рейстері ашылады

Вьетнамдық Vietjet Air әуекомпаниясы 25 қазаннан бастап Қазақстанға тұрақты жолаушылар рейстерін орындай бастайды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

Рейстер Алматы – Нячанг бағыты бойынша А330 типті әуе кемелерінде аптасына екі рейс (сәрсенбі, сенбі) жиілігімен орындалатын болады.

Сондай-ақ, 2022 жылғы 25 желтоқсаннан бастап Vietjet Air А330 типті әуе кемелерінде аптасына екі рейс (дүйсенбі, бейсенбі) жиілігімен Астана - Нячанг бағыты бойынша ұшуларды орындауды бастауды жоспарлап отыр.

Бұған дейін Vietjet Air әуекомпаниясының Камрань - Алматы бағыты бойынша рейсінің ашылуы 10 қазанда болатыны хабарланған болатын.

VietJet Air - вьетнамдық төмен бюджеттік әуекомпания. 2007 жылы құрылған. Airbus A320, A321 және A330 типті 100-ге жуық әуе кемесін басқарады.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!