БАӘ туристік визаларды ұзақ мерзімге бере бастады

БАӘ жаңа жылға турларды брондалатын елдердің "бестігіне" кіреді. Енді елде 30 емес, 60 күн мерзімге туристік визалар беру қайта басталды. Бұл ақпаратты Кhaleejtimes газеті жергілікті туристік агенттіктерге сілтеме жасап жариялады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Tourprom сайтына сілтеме жасап.

Енгізілген өзгерістер федералды сәйкестендіру, азаматтық, кедендік және порт қауіпсіздігі басқармасының (ICP) мәлімдемесіне сәйкес 3 қазанда күшіне енген "Біріккен Араб Әмірліктерінің (БАӘ) жетілдірілген визалық жүйесі" деп аталатын ауқымды реформалардың бөлігі болды.

"Біз клиентке 60 күндік қонақ визасын алғашқылардың бірі болып алдық. Қазіргі уақытта бұл үшін 500 дирхам аламыз", - деп түсіндірді Smart Travel туристік фирмасының басқарушы директоры Афи Ахмед.

Басқа туристік агенттіктер де ұзақ мерзімді саяхатшыларға виза беруді растады.

"Біз клиентімізге екі айлық қонақ визасын алдық. 30 күндік визамен салыстырғанда балалар визасының құнында біршама айырмашылық бар", - деп қосты Deira travels өкілі.


Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!