Қазақстаннан Оңтүстік Кореяға рейстер жиілігі артады

Қазақстандық әуетасымалдаушы 14 шілдеден бастап Оңтүстік Кореяға ұшатын рейстердің жиілігін арттырады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

"Эйр Астана" әуекомпаниясы Алматыдан Сеулге және кері қарай аптасына төрт рет рейс жасайды. Алматыдан Сеулге әуе рейстері дүйсенбі және сәрсенбі күндері, ал кері - сейсенбі және бейсенбі күндері орындалатын болады. Бұған дейін "Эйр Астана" 2020 жылдың 20 маусымынан бастап бір апта ішінде Оңтүстік Кореяға Asiana Airlines әуекомпаниясымен қатар аптасына бір рет екі рейс орындаған болатын.

1 сәуірден бастап Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Корея Республикасының Үкіметі арасындағы қазақстандық азаматтарға қатысты визалық талаптарды өзара жою туралы келісімнің қолданысы қайта басталады. Бұған дейін оны Оңтүстік Корея тарапы COVID-19 пандемиясына байланысты тоқтатты. Осылайша, Қазақстан азаматтары Корея Республикасына 30 күннен аспайтын мерзімге визасыз кіре алады.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!