Турист бұрынғы сүйіктісімен саяхатқа шығып, желіде танымал болды

Америкалық турист бұрынғы сүйіктісімен демалысқа барғанын айтып, желіде танымал болды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

Оның Тик Токтағы посты 13 миллионнан астам рет қаралды. 2,3 миллионнан аса адам ұнатып, қызды танымал етті. Daily Mail қыздың оқиғасын жазды.

Коннектикуттан келген 18 жастағы Лидия Бирд (Lydia Bird) жылдың басында жігітімен бірге Доминикан Республикасына тур сатып алады. Сапардан бір ай бұрын олар ажырайды. Қыз турға төлеген ақшасының бір бөлігін қайтаруға тырысады, бірақ туроператор сапардан бас тарту немесе қайтару мүмкін емес екенін айтқан. Сөйтіп қыз бұрынғы сүйіктісімен баруға мәжбүр болады.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!