Қазақстаннан Иранға әуе байланысы қашан жанданатыны белгілі болды

2022 жылдың 20 сәуірінен бастап ирандық "Kish Air" әуе компаниясы Ираннан Қазақстанға халықаралық рейстерді бастауды жоспарлап отыр, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне сілтеме жасап. 

Ведомство мәліметінше, "Kish Air" әуе компаниясы Тегеран – Алматы және Горган – Ақтау бағыттарында тұрақты негізде, әр бағыт бойынша аптасына 1 рейс жиілікпен халықаралық рейстерді орындауды жоспарлап отыр.

Рейстер сәрсенбі (Горган – Ақтау) және бейсенбі (Тегеран – Алматы) күндері A321 және MD-82/83 типті әуе кемелерінде орындалады.

Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуекомпания сайтында жарияланған кестеге сәйкес орындалатын болады.