Қазақстан мен Өзбекстан автобус қатынасын қайта бастады

Өзбекстанда Ташкенттен Қазақстан қалаларына автобус рейстерінің ашылғаны туралы жарияланды. Өзбекстанның туризм министрлігі бес бағыт бойынша кесте дайындады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап.

Күн сайын Ташкенттен Алматыға төрт автобус, ал Нұр-Сұлтан, Қызылорда, Түркістан және Шымкентке бір-бірден автобус жөнелтілетін болады. Толық кесте мынадай:

Ташкент - Алматы: 16:00, 17:00, 18:00, 19:30 (200 мың сом, яғни 8 мың теңге).

Ташкент - Қызылорда: 19:00 (200 мың сом, яғни 8 мың теңге).

Ташкент - Нұр-Сұлтан: 18:00 (350 мың сом, яғни 14 мың теңге).

Ташкент - Түркістан: 19:00 (100 мың сом, яғни 4 мың теңге).

Ташкент - Шымкент: 12:00 (60 мың сом, яғни 2400 теңге).

Ведомствоның мәліметінше, автобустар "Ташкент" автовокзалынан ("Алмазар" метро станциясы) шығады. Билеттерді автовокзал кассаларынан сатып алуға болады.

Бұған дейін Өзбекстан Қазақстанмен шекарадағы шектеуді алып тастаған болатын. Тек ПТР әдісімен COVID-19-ға зерттеудің теріс нәтижесі бар анықтаманы немесе Қазақстан аумағында тұруға ықтиярхаты бар қазақстандықтар мен шетелдіктерге және шетелдік азаматтарға COVID-19-ға қарсы вакциналаудың, ревакциналаудың толық курсынан өткені туралы құжатты/паспортты міндетті түрде ұсынуы керек деген талап сақталады.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!