Қазақстаннан Черногорияға әуе рейстері 1 маусымда қайта ашылады

Қазақстандықтар үшін 1 маусымнан бастап Черногорияға тікелей тұрақты рейстер ашылады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

Подгорицаға рейстерді Қазақстанның екі қаласы - Алматы және Нұр-Сұлтаннан Air Astana әуекомпаниясы орындайды.

Тасымалдаушының баспасөз қызметі Алматыдан Черногория астанасына ұшақтар аптасына үш рет: дүйсенбі, сәрсенбі және сенбіде ұшатынын хабарлады. Ал 10 маусымнан жұмада да рейс болады. Нұр-Сұлтаннан сейсенбі, бейсенбі және жексенбі рейс жоспарланған.

Билетті әуекомпания сайтында және туристік агрегаторлардан сатып алуға болады. Туроператорлар қазірдің өзінде турлар құрып, алдын ала брондау бойынша сатылым ашты. Туристік компаниялардың бірінің сайтындағы ақпаратқа сәйкес, төрт жұлдызды қонақүйге жеті күнге берілетін жолдама 565 мың теңгеден басталады. Виза құны бұл бағаға кірмейді.

Монтенегро Үкіметінің сайтындағы ақпаратқа сәйкес, толық вакцина алған және ауырып, жазылған адамдар Черногорияға кіре алады. Вакцина сертификатына алты айдан аспау керек. Ал жазылғандар сауыққанын дәлелдеу үшін талдау күнін (алты айдан аспайтын) көрсете отырып, оң ПТР-тестін немесе шығарылған сәттен бастап 10-нан асатын, бірақ 180 күннен аз уақыт өтуі керек антигенге жедел тест ұсыну арқылы дәлелдей алады. Сондай-ақ, туристің қолында 72 сағаттан аспаған теріс ПТР-тест туралы анықтама немесе 48 сағаттан аспаған антигенге экспресс-тест болуы тиіс.

Черногорияда Pfizer/BioNTech Comirnaty, Gamaleya Sputnik V, Oxford/AstraZeneca Vaxzevria, Sinopharm (Beijing) Covilo және Sinovac CoronaVac вакциналары мойындалған.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!