Қазақстандықтарға пойыздарда суперинтернет уәде етілді

Пойызбен сапарлау қазақстандықтар үшін байланыссыз қалу деген сөз. Өйткені жолдардың көп бөлігінде ұялы байланыс антеналары сөніп, ал 4G туралы тек армандауға болады. "Қазақстан темір жолы" интернет мәселесімен айналыспақ, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

"ҚТЖ" ҰК" АҚ мәліметінше, таяуда жолаушыларға барлық темір жол бағытында, тіпті алыс аймақтарда да интернет қолжетімді болады. Қазақстанның темір жолында спутниктік OneWeb терминалы іске қосылады.

"Сигнал қабылдау төменорбиталды спутниктік топтың арқасында қабылданады, соның нәтижесінде байланыс тұрақталады және оны бекеттерде қосымша канал ретінде пайдалануға болады", - дейді "ҚТЖ" ҰК" АҚ стратегия және цифровизация төрағасының орынбасары Әнуар Ахметжанов.

Спутниктік байланыс пен интернет қашан болатыны нақтыланбады.

OneWeb LLC - Грег Уайлер негізін қалаған телекоммуникациялық компания. Компания жүздеген миллион әлеуетті пайдаланушыларды интернет жоқ жерде кең жолақты қолжетімділікпен қамтамасыз ету мақсатында құрылған.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!