Гендер-пати соңы қайғылы жағдаймен аяқталды

Баланың жынысын жариялау әлемде танымал шаралардың бірі. Болашақ ата-аналар бір-бірімен жарысып, баланың жынысын жариялау үшін түрлі креативке барып, жаңа әдістер ойлап тауып жатады. Мексикада гендер-пати шарасының салдарынан адам қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Баланың жынысын анықтау үшін ерлі-зайыпты ұшақ жалдаған, ол қажетті түсті шашуы керек болған. Әуеге көтерілген ұшақ аспанды қызғылт түске бояды, алайда осыдан кейін ол төңкеріліп жерге қарай құлдилаған. Әуе апаты салдарынан ұшқыш ауыр жарақатпен ауруханаға түскен, алайда дәрігерлер оны аман алып қала алмады.

"Piper PA-25 ұшағы бұрылу кезінде өшіп қалған, соның салдарынан оның сол жақ қанаты жиналып қалған", — указано в сообщении.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!