Қазақстандықтарға қолжетімді болатын жаңа әуе рейстері аталды

Қазақстаннан Үндістан, Пәкістан, Сауд Арабиясы, Беларусь және Түркияға жаңа әуе рейстерін ашу жоспарланып отыр. Бұл туралы SCAT әуекомпаниясының өкілдері KITF 2022 "Туризм және саяхат" қазақстандық халықаралық көрмеде мәлімдеді, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

2022 жылы Моңғолия, Чехия, Қытайға тұрақты рейстерді, сондай-ақ Ресей Федерациясына Қазақстан қалаларынан тарихи рейстерді жаңарту жоспарланған. Сонымен қатар, Үндістан, Пәкістан, Сауд Арабиясы, Беларусь, Түркияға жаңа бағыттар ашылады деп күтілуде.

2022 жылдың жазына арналған туристік бағдарламаны Шарм-эль-Шейх, Марс-Матрух, Анталия және Хайнань сияқты бағыттармен толықтыру жоспарланған. Осы туристік дестинацияларға әуе билеттерін туроператорлар арқылы пакеттік тур шеңберінде ғана сатып алуға болады.

Әуекомпанияда 2021 жылдан бастап 2022 жылға дейінгі кезеңде тұрақты рейстердің көпшілігі қалпына келтірілгенін және бірқатар жаңа бағыт: Ақтөбе-Ыстамбұл, Ақтөбе-Нүкіс, Ақтау-Нүкіс, Ақтау-Үргенч, Алматы-Наманган, Атырау-Ыстамбұл, Алматы-Джидда/Медина, Шымкент-Джидда/Медина ашылғанын хабарлады.

Осы жылы жоспарланған жолаушылар ағыны 2,5 миллион жолаушыны құрайды. Бұл 2021 жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда 19 пайызға артық.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!