Артық салмақтан арыласыз, эмоциямен толығасыз. Қазақстандықтар қандай фитнес-турларға бара алады?

Шетелде демалу бізге керемет жаңа көңіл күй сыйлайды әрі күнделікті күйбең тіршіліктен біршама демалуға мүмкіндік береді. Егер сіз спортты сүйсеңіз, саяхаттау кезінде әрі пайдалы іспен айналысып, әрі саяхаттап ерекше демалатын боласыз. Қалай артық салмақтан арылып әрі әлемді аралап саяхаттауға болатыны жайлы Kaz.tengritravel.kz порталы және Aviata.kz сервисі материалынан танысасыз.

Фитнес-тур дегеніміз не?

Фитнес-турлар – дене жаттығулары мен дүниежүзін саяхаттауды біріктіретін турлардың жалпы атауы. Мұндай сапарда жаттығулар күніне бірнеше рет жасалады және әртүрлі бағыттарды қамтиды. Олар демалыс кезінде де спортпен айналысқысы келетін адамдарға арналған. 

Мысалы, турист таңертең жүгіруге барады, түстен кейін күш жаттығуларына барады, кешке йогамен айналысады. Ешкім артық жасап шаршамауы үшін физикалық жаттығулар жоспарланған. Іс-әрекет белсенділігі (жаттығулар) демалыспен (массаж және спа-процедура) кезектесіп отырады. Туристке арналған арнайы диета да жақсы нәтижеге жетуге ықпал етеді.


© Shutterstock

Бір спорт түрінен не фитнес бағытында жетістікке жетуге арналған басқа бағдарламалар да бар: жекпе-жек өнері, би, альпинизм, аквааэробика, йога, акробатика және күш жаттығулары.

Бұған спортшылар оқу-жаттығу жиыны деп аталатын жерге баратын триатлон жарыстарына дайындық та кіреді.


© Shutterstock

Фитнес-турдың пайдасын барынша қалай алуға болады?

Танымал қазақстандық спортшы және фитнес-жаттықтырушы Уәлихан Тен жеңіл саяхаттауға және спорттық бейімділігіңізге байланысты сапарды алдын ала жоспарлауға кеңес береді.

"Фитнес-клубтың өзі мен тренажер залының жабдықталуы маңызды емес, өйткені құрал-жабдық қажет емес. Фитнес-турларда ашық спорт алаңдары негізінен жаттығуларды демалыспен үйлестіру үшін пайдаланылады. Әрине, қонақүйде жақсы жаттығу залы болса керемет, бірақ қорқынышты ештеңе жоқ, жоқ болса, табиғаттың өзі жеңіске үлес қосары анық", - дейді спорт шебері.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Valikhan Ten (@valikhan_ten)

Сондай-ақ, спортшы жаңадан бастағандарға кім жаттықтыратыны туралы алдын ала білуге кеңес берді.

"Фитнес-тур орта есеппен бір-екі аптаға созылады, сондықтан сіз жұмыс істейтін жаттықтырушыны білуіңіз керек. Оның құзыреттілігі жоғары болуы керек, өйткені ол бірнеше адамды жалғыз жаттықтырады. Оның тәжірибесі бар-жоғын білуіңіз керек. Кез келген адам диета ұстанып, калориясын көбейте алады, бірақ әрбір жақсы фитнес-тренер мұндай әрекеттердің ағзаға салдарын түсініп, оның әсерін бағалай алмайды", - дейді Уәлихан.

Сондай-ақ спортшы мынадай кеңес береді:

  • пакетте медициналық және спорттық сақтандырудың бар-жоғын білу;
  • медициналық тексеруден өту. Сіз климат пен уақыт белдеуі ағзаңызға қалай әсер ететінін түсінуіңіз керек. Жылы елдерге келген адамдар аллергиясының күшейгенін бірден сезінеді. Егер сізде осы елде болуға рұқсат беретін медициналық анықтамаңыз болса, сіз өзіңізді жайлы сезінесіз;
  • спорттық диетаға байланысты ұсынылған мәзірді зерттеңіз.


© Shutterstock

Қазақстанда қандай фитнес-турлар бар?

Уәлихан Тен атап өткендей, оның фитнес клубы пандемияға дейін бес жыл бойы турлар ұйымдастырған.

"Біз ерлер мен әйелдерге бірдей турлар ұйымдастырдық, онда тамақтануды бақылау, күнделікті режим, тері астындағы майдың азаюы, бұлшықет массасын арттыру да қамтылды. Мәдени бағдарлама да болды. Мұнда күн суық кезде жылы елдер жаттығуға керемет мүмкіндіктер береді. Біз тек клубтың мүшелерін ғана апардық. Алғашқы фитнес-тур біздің әуесқой велокоманданың жиынымен тұспа-тұс келді, содан кейін барлығына ұнап, жеке фитнес-турлар, бөлек велоспорттық кездесулер жасай бастадық", - дейді ол.

Қазақстанның, бодифитнес бойынша әлем турнирлерінің бірнеше дүркін чемпионы Ирина Ли Қазақстанда фитнес-турлар онша танымал емес деп санайды. Дегенмен де ол мұндай турларды ұйымдастырудағы тәжірибесімен бөлісті.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ФИТНЕС ТРЕНЕР ИРИНА ЛИ (@irina88li)

"Біз Алматыдағы туристік агенттікпен бірге авторлық фитнес-тур ұйымдастыруды шештік Карантиннен кейінгі жағдайды өзгертіп, пайдалы істі демалыспен ұштастыруды мақсат еттік.

Фитнес-жаттықтырушының айтуынша, мұндай турда жеке жаттықтырушы теңдестірілген тамақтану жүйесі мен жеке дене белсенділігін дамытады, сонымен қатар сізді мақсатқа жетуге ынталандырады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ФИТНЕС ТРЕНЕР ИРИНА ЛИ (@irina88li)

Айта кетсек, фитнес-турға тек спортшылар ғана емес, әуесқойлар да шығады. Олардың әрқайсысымен жаттықтырушы кейін жеке бағдарлама бойынша жұмыс істейді.

"Күн сайын ерте тұру, жүгіру, күніне екі рет жаттығу, тамақтануды бақылау болды, онда мен демалыста дұрыс, әрі дәмді тамақтануға болатынын түсіндірдім және көрсеттім.

Бұл барлығы үшін қызықты және жаңа нәрсе болды, сондықтан ешкімнің мейрамханада отыруға, артық тамақтануға немесе күні бойы шезлонгта жатуға ниеті болмады.

Ыстық климатқа қарамастан, біздің күнделікті жұмысымыз спорт үшін оңтайлы түрде жасалған. Ыстыққа байланысты еш қиындық болған жоқ.

Күніне екі рет жағажайда болдық, қыздар да бос уақытты тиімді өткізе білді, сонымен қатар бірге түскі ас, әңгімелесу, серуендеу және фотосессия болды.

Фитнес-турға қатысушылар тек демалып қана қоймай, денсаулығын жақсартып, бірнеше келіге арықтап, физикалық тонусын арттырды", - дейді Ирина.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ФИТНЕС ТРЕНЕР ИРИНА ЛИ (@irina88li)

Өз тәжірибесіне сүйене отырып, фитнес-жаттықтырушы демалыста өз белсенділігін қалай ұйымдастыру және артық салмақ туралы кеңестермен бөлісті.

"Мен демалысқа шыққанда өзіммен үнемі фитнес-резеңке таспаларды алып жүремін. Күнде таңертең кардиомен айналысамын. Бөлмеде 30-40 минуттай жаттығу жасаймын. Таза және дұрыс диета ұстанамын, артық тамақтанбаймын. Артық салмақтан емес, демалыстан эмоция алу өте маңызды. Мен өзіме бір рет тәтті немесе зиянды нәрсеге рұқсат етемін. Көкөністер, шөптер, теңіз өнімдерін көбірек жеу керек, таңғы асқа жемістер пайдалану. Таза суды көбірек ішемін, - дейді Ирина.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ФИТНЕС ТРЕНЕР ИРИНА ЛИ (@irina88li)

Алматылық фитнес-жаттықтырушы Қызжібек Құлматова 2019 жылы Қырғызстанға жеті күндік фитнес-турды қалай ұйымдастырғаны жайлы айтып берді.

Ол турға тек өзінің қамқорлығындағы адамдарды ғана емес, тілек білдірген басқаларды да алып барды. Фитнес-турға қатысушылар не үшін келгендерін және бағдарламада түнгі екіге дейін дискотека болмайтынын анық түсінді. Нәтижесінде, салауатты өмір салтын ұнататындар күнделікті өмірде белсенді түрде уақыт өткізуді жөн көріп Ыстықкөлге аттанды.

"Біз кәдімгі жағажай демалысын фитнеспен үйлестіргіміз келді, сондықтан фитнес-турға бардық. Бірақ ол өте белсенді болып шыққандай. Біз күніне екі-үш жаттығу жасадық. Таңертең таңғы астан йога немесе стретчинг. йога, сосын Ыстықкөлде жүзу, одан кейін таңғы ас ішу, сосын экскурсиялық бағдарлама, қайықпен жүзу, тауға бару, қалағандар атқа да отырды. Сосын базаға келдік, демалып, тамақтандық. Түстен кейінгі үзілісте қыздар ұйықтап алатындай болды. Сағат 16.00 шамасында тамақтануға барды.

Айта кету керек, тамақтануды алдын ала ойластырдық. Ол диеталық болды. Түстен кейінгі тамақтан кейін біз қайтадан жеңіл жаттығулар жасадық, мысалы, пилатес, йога немесе стретчинг. Кешкі ас алдында әркімнің өзіне біраз уақыты болды. Кешкі астан кейін екі сағаттан соң біз күш жаттығуларын жасадық. Біздің демалыс үйімізде спорт залы болды. Сонда немесе көлдің жағасында (ауа райына байланысты) жаттыға аламыз. Кешке жай ғана әңгімелесетін немесе шеберлік сабақтарын өткізетін осындай жиындар болды", - дейді Қызжібек.

Бойжеткен турдың бюджеттік бағада болғанын мақтан тұтады. Сол кезде жол ақысы мен жатын орнын қосқанда 60 мың теңгені құраған. Тур көбісіне ұнады әрі қайталағысы келетіндер де болды.

"Мен Қазақстанда немесе көрші Қырғызстанда жылына кемінде бір рет осындай фитнес-тур өткізгім келеді. Карантинге байланысты жоспарымыз орындалмай қалды. Шетелге сапар шегу туралы идеялар көп. Грузияны қарастырдық. Басқа елдерге бару өте қымбат. Қазіргі уақытта мұндай сомаға бәрі бірдей дайын емес, өйткені фитнес-қызмет турдың құнына кіреді, тамақты алдын ала таңдау керек, осыған байланысты турдың құнын арттыратын кейбір қиындықтар туындайды", - деп түйіндеді Қызжібек.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ANARA SABITOVA (@anara_zumba_kostanay)

Қазақстандықтар қайда бара алады?

Сонымен қатар қазақстандықтар ресейлік туристік компаниялар ұйымдастыратын турларға бара алады. Фитнес-тур сияқты бағыт көрші елде жақсы дамыған, ұсыныстар көп, сондықтан әркім өзіне ұнағанын таңдауына болады.

Көптеген компаниялар сыртқы қызметтің бұл түрі әртүрлі қалалар мен елдерден адамдарды тартады деп есептей отырып, веб-сайтта көрсетілген тур бағасына рейстерді, сақтандыру төлемін, визаны және ПТР сынағын қоспайды. Яғни, фитнес-турға шыққысы келетіндер әлемнің кез келген нүктесінен, оның ішінде Қазақстаннан да өздігінен ұша алады.

Әдетте, сол бағаға қонақүйде тұру, күніне үш мезгіл диеталық тамақтану, жаттықтырушы қызметі және әртүрлі фитнес жаттығулары кіреді.


© Shutterstock

Мысалы, Мальдив аралдарына жеті күндік фитнес-турды шамамен 640 мың теңгеге, Түркияға он күндік фитнес-турды 400 мың теңгеге, Ресейде теңізде апта сайынғы фитнес-турды шамамен 170 мың теңгеге табуға болады.

Сондай-ақ, бұл жерден тек фитнес-турды ғана емес, дәл сізді қызықтыратын бағытты табу мүмкіндігі бар, олар: йога, цигун, серфинг, треккинг және т.б.

Aviata.kz - үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, әлемнің қалаған нүктесіне теміржол және әуе билеттерін кез келген бағытта онлайн режимінде табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис.

Әуе және теміржол билеттерін сатып алуға болатын "Авиата" қосымшасын мына сілтеме бойынша жүктеуге болады.