Қазақстандықтарды таулы аймаққа шықпауға шақырды

Қазақстандықтарды елдің оңтүстік-шығыс бөлігінде тауға бармауға шақырды және жағдайды хабарлама арқылы біліп отыруға кеңес берді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

ТЖМ ресми өкілі Жанна Дәуренбекованың айтуынша, таяу күндері елдің оңтүстігінде және оңтүстік-шығыс бөлігінде жаңбыр, кей жерлерде нөсер жауын болуына байланысты таулы өзендер арнасынан асып кету қауіпі бар.

"Кей өзендерде су жиналу және сел жүруі мүмкін. Тау бөктерінде қарқынды беткейлік ағын пайда болуы мүмкін. Елдің шығысында су деңгейі сәл көтерілуі мүмкін. Оңтүстік-шығыс аудандарда сел жүру қауіпі сақталады. Осы орайда қазақстандықтарды тауға шықпауды өтінеміз және таулы аймақтағы жағдайды хабарлама арқылы біліп отыруға кеңес береміз. Қауіп төнгенде не сел жүргенде биік жерге шығыңыз", - дейді Дәуренбекова.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!