Қазақстандықтар 2022 жылғы жаздың соңында қай елдерде демалды

Осы жылдың тамыз айында қазақстандықтар арасында ең танымал бағыт Түркия болды. Еліміздің туристері 56 028 жолдама сатып алды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі "Туристік Қамқор" қорына сілтеме жасап.

Түркия Республикасы барлық сатып алынған турлардың 61,25 пайызын құрады.
Мысыр екінші орында - 14 686 жолдама және жалпы санның 16,06 пайызы. Үшінші - Біріккен Араб Әмірліктері. Ұйымдастырылған туристердің 14,72 пайызы 13 460 тур сатып алды.

Қазақстандағы пакеттік туристер арасында танымал 5 елге Грузия (2,34 пайыз) және Черногория (2,03 пайыз) кірді. Дәстүрлі түрде күз-қыс мезгілінде танымал болған Тайланд тамыз айында алтыншы орынға ие болды және 1,07 пайызды құрады. Одан кейін Грекия - 1,01 пайыз.

Басқа елдер қазақстандықтар сатып алған жолдамалардың жалпы санында бір пайыздық пункт жинаған жоқ. Сонымен қатар, Мальдив аралдары мен Италия салыстырмалы түрде жақсы көрсеткіштерді көрсетті: сәйкесінше тамыз айына 680 және 630 жолдама.

2022 жылдың тамыз айында қазақстандықтар шет елдерге 91 474 пакеттік тур сатып алды.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!